Наурыз айы туғанда

Наурыз айы туғанда
жеке
блог

Кеше "Aldaspan" тобы еліміздің мәдени астанасы Алматы қаласындағы Республика алаңында елімізді мерекемен құттықтап, өнер көрсеткен еді. Бұл жаққа 50 мыңдай адам жиналды. Көктем келгеніне қуанған жұртшылықтың қуаныштары еселенді. Өйткені көктеммен Наурыз мейрамы келді! 



Бүгін Массагет оқырмандарын Наурыз мерекесімен құттықтағымыз келеді! Наурыз 1 айға созылатын мейрам, сондықтан бір-бірімізді бір ай бойы құттықтасақ та айып емес. 

Еліміз аман болсын! Наурыздан наурызға аман-сау жете берейік! Ақ мол болсын! 

"Aldaspan" тобының атынан: Шамшаддин