Армысың, әз Наурыз!

Армысың, әз Наурыз!
жеке
блог

Еңсеміз көтеріліп егеменді ел болғанымызға да жиырма жылдан астам уақыт өтті. Тарихта қысқа ғана мерзім болса да, біз үшін, қазақ халқы үшін өз болмысын тіктеуге жетерлік мерзім. Десек те, жетпіс жыл жасаған Кеңестер Одағының құрсауынан әлі де арыла алмай отырмыз. Жаңа жыл дегенде ә дегеннен орыстарға қосыла христиан мерекесін ел болып тойлаймыз да, өз Жаңа жылымыз Наурызда бірлі жарымды киіз үй тігумен ғана тойлаған болып шектелеміз.

Қайсы қаланы алсақ та әз Наурыздың келгенін тек орталық көшелерден ғана сезінеміз, ал Жаңа жылда әр бір көшеде биіктігі бір бірімен таласқан шыршаларға толып кетеді. 1 желтоқсаннан ақ қай жерге қарамаңыз «Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!» деген секілді баннерлермен безендірулер, мұздан жасалған бейнелер, шыршалар мен шамдар жарқырай бастайды, ал Наурызға бір күн қалғанда да ертең Наурыз екендігін сезіну қиын секілді. Орыстармен қосылып жаңасымен бірге бір айға жуық ескісін де қоса тойласайтынымыз тағы бар, ал сол бауырларымыз Наурыз күні кезігіп қалсаң: А, бүгін Наурыз мерекесіме ме? Құтты болсын!, дегеннен арыға бармайды... .

Ал енді, мерекемізді қалай тойласақ өз денгейіне қайтар еді деген сұрақ туындауы шартты. Ол үшін мереке ертедегідей елді мекеннен сыртта, яғни жазық далада тойлану керек сияқты. Сол ортада қатар тігілген киіз үйлерден наурыз дәмін татып, ашық далада төл ойындарымыз ойнатылып, әр түрлі байқаулар ұйымдастырылу керек сияқты. Қыз қуу, күрес, көкпар ойналып, ақындар айтысы, бишілермен мен әншілердің өнерін кең жазықта тыңдағанға не жетсін.  Бір сөзбен айтқанда Наурыз мерекесі насихатын күштірек дәріптеу қажет сияқты.

Жаңару күні болған әз Наурыз мерекесі құтты болсын!