Қазақтар әлем көретін өнерді қалай тудыруы керек?

Ескерте кетейін, бұл блог менің субьективті ойымнан жазылды.

Қазақтар әлемдік деңгейде тыңдалатын әнді өзгенің емес, өзінің жолымен жасауы керек. Арсеналымызда өзгеде жоқ дыбысты шығара алатын аспаптар аз емес. Бір домбыраның өзімен қаншалықты қиын орындалатын акустикалық дыбыстарды сомдай алатынын бәріміз де біліп жүрміз. Ендеше неліктен сол музыкалар әлемге шықпайды?

Ауызы барға сөйлетейік

Шегініс жасап, бір мысалды еске түсірейін. Фейсбук деген әлеуметтік желі бар. Онда әркім өз ойын жазып, хат-хабар алмасады. Сол жазылған әрбір ойдың біз көбінде авторына қарай бастадық. Мүмкін әуелден-ақ солай болған. Бұл дегеніңіз сіз егер бір сөйлем жазып, ал соны «жазғыш» атанып жүрген тағы біреу жазса оның сөзі елге тарап, назарға ілігеді. Мұнда да сол жүйе – қазақ музыкасы туралы сөзді қазіргі белгілі адамға сөйлетейік. Оны ұлтына, жынысына, жас шамасына қарамайық, тек айтқызайық. Бұл дегеніңіз әлемдік деңгейдегі әншілерді шақырып, оларға өз өнерімізді көрсетейік деген сөз.

Мазмұн

Америкалықтар «ұрдым-жықтым» стиліндегі динамикалық стильмен жауласа, ал еуропалықтар көрмегенді көрсетіп, жаңалығымен көрермен жинады. Корейлер (оңтүстік) мемлекеттік деңгейде шешуге кірісті: күшпен алды. Қай-қай k-pop-сүйерден сұрасаңыз да бұл ақпараттан хабары бар. Бұл я тыңнан жасалған жол деп те айта алмайсыз, оны бұрынғы The Beatles тобының қалай шыққаны жайлы тарихты оқысаңыз да түсінесіз. Ал біздің мазмұн қандай? Біздегі мазмұн – батырлар жыры, ғашықтық жыры. Біз олар ұмытқан тарихпен жетейік сол деңгейге. Айтуға оңай ғой, ал сол «рычаг» - басқа-басқа емес, өзіміздің этникалық жанрда ән айтатын әншілеріміз бен топтарымыз.

Өзге емес, өзіміз тыңдап алайық

Өзіміздің төл музыкамызды бірінші кезекте өзіміз тыңдауымыз керек. Өзіміз түсінуіміз керек. Термелеріміз бен күйлерімізді тыңдамайтынымыздың жалғыз себебі – оның не туралы айтылып жатқанын білмеуімізде. Аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлердің қалай шыққанын, не туралы айтылатыны жайлы білмесек оны дамыту керек деп құр айғайлауға құқымыз бар ма?

Енді, өзіміз жауап берейікші, күйлеріміз бен термелерімізді тыңдаймыз ба?

Сурет: hameleons.com сайтынан



Бөлісу: