Қазақстандықтардың қаржылық сауаты зерттелді

Елімізде тұрғындардың қаржылық сауаттылығына арналған жалпыұлттық зерттеу аяқталды.

Қорытындысы бойынша анық болғаны:

Әрбір үшінші адамның өз қаржылық сауатына көңілі толмайды Сұралғандардың 43%-ы депозиттерді кепілдендіру жүйесі туралы білмейді және сұралғандардың барлығы дерлік сақтандырудың  ең жоғары сомасы туралы білмейді (тек  6% ғана біледі)

Есте сақтаңыз: Мемлекет 5 миллион теңгеге дейін депозиттерге кепілдік береді. Қандай жағдай болсын сіз салымыңызды жоғалтпайсыз.

Әрбір үшінші адам қаражатын үйде сақтайды Тек 10 адамның 1 депозитте сақтайды Тұрғындардың 38%-ы кіріс пен шығыс есебін жүргізбейді. Нәтижесінде 3 адамның 2-і айдың аяғында, келесі жалақыға дейін ақшасыз қалады. Қаржы қызметін тұтынатындардың 65% -ы қажылық ұйымдардың қызметін тек келісім-шартқа қол қояр кезде салыстырады. Алдын-ала зерттеу жүргізбейді. Тұтынушыларды тек 4 тақырып жиі толғандырады:

келісім-шартқа қол қою кезінде неге мән беру керек (сұралғандардың 39.5%),  

несиенің толық құнын қалай есептеу керек (сұралғандардың 38.4%)

жеке бюджетті қалай қалыптастыру керек (36.9%)

қаржы өнімдерін тұтынушылардың құқығын қалай білу керек (сұралғандардың 32.8%).  

Зерттеу  еліміздің 14 облысында 1 200 қаржы қызметін тұтынушының қатысуымен жүргізілді.  Респонденттер жанұялық бюджетті басқару мен қаржылық қызметтерді пайдалану туралы  55 сұраққа жауап берді.

 Зерттеуді жетекші зерттеу компаниялары Brif Research Group және TNS Gallup жүзеге асырды. Сауалнама Халықаралық Экономикалық Серіктестік және Даму, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің  стандарттарына сәйкес жүргізілді.

Зерттеуді «Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» ҚҚ Қазақстандағы қаржылық сауаттылық туралы kaspi bank-пен бірлескен «Қаржы мәдениеті» атты бағдарлама аясында жүзеге асырды.

 



Бөлісу: