Осындай ойлар болады кейде...

Биік шыңды мақсат етіп алғашқы сатыларымен тер төге көтеріліп келе жатқанда сондай адамдарды  көресің – еш қиналмастан ұшақпен топ етіп шыңның басына қонып алатын. Олар – қолында билігі бар «көкелеріне» арқа сүйеушілер.  Оларға бәрі оңай, білсе де, білмесе де қалағанына еш қиналмай қол жеткізеді. Қанша білімді болсаң да өтпей қаласың, себебі «көкесі» ол орынды сүйенушісіне алып қойған.  Осыны көргенде біздікі не тыраштану, бәрі бекер ма деп ойланып ұнжырғам түсіп кетеді. Мүмкін олар «танысы бардың шанысы бар» деп еш әбестігі жоқ деп ойлай ма екен, әлде мен түсіне алмай жүрмін бе... бір білерім бұл әділдік емес.

Осылай арасында бір мұңайып аламын да әрі қарай көтеріле беремін. Менің ешқандай «көкем» жоқ. Мақсатым бар. Өзім «көке» болғым келеді өзімнен кейінгі томпаңдаған балапандарға. «Көке» демейінші, демеуші, жол сілтеуші боламын. Әрқашан әділдік салтанат құратынын ұмытпайықшы, еңбегіміз адал, жанымыз таза болса. Жүрегі таза, ойы ұшқыр адам бақытты депті ғой Сократ. Міндетім жүрек сені арамдамау..... 



Бөлісу: