Капучи (әңгіме)

Капучи (әңгіме)
жеке
блог

Капучи (әңгіме) Ауылда қызық қой әсіресе бала кезді қатты сағынам. Қой кезекте отырған бір күні , сиыр бағатын Капучимен сойлесип қалдық. Менен бірнеше жас үлкен осы баланы неге Капучи дейтіні белгісіз. Сұрамаппын да. Айтайын дегенім бұл емес. Мен және менімен қатарлас бір – екі бала бар. Мен сабақтан соң қой кезекке келгем. 1989 жылы Нарынқол ауылындағы «Детски мир» дүкенінің ішінде жүргенбіз деп бастады әңгімесін Капучи. Содан – Обед уақытында кластастарым , Бико , Азамат және мен , басбалдақтың астына тығылып қалдық оның өзін Азамат айтты. Дүкен обедке жабылып барлығы үйлеріне кеткен кезде біз басбалдақтың астынан шығып , дүкеннің ішін армансыз араладық. Екі қабатты дүкен іші неше түрлі ойыншықтарға , киім – кешектерге толы.Асхана да ішінде. Тамаққа тойып алдық. Ойыншықтың әрқайсысын бір ұстап ойнап жүрдік. Бір кезде Азамат – Ей ! Жүріңдер , - деп бірінші қабатқа алып түсті , біз Бико екеуміз үнсіз еріп келеміз. Кассаға жақындап келіп , тарпасын тартып қалып еді тарпа ашылып кетті. Біздің көзіміз жайнап сала берді. Іші толған ақша , қып қызыл 25 сомдықтар бір бөлек , көкпеңбек 5 сомдықтар бір бөлек 10 сомы 1 сомы бір бөлек қалташаларда жиналып тұр , әншейінде кәмпит , пішина алып жейін десең , қалтаң тесіліп , арман боп тұратын тиындарға қарамаймыз да , сонда да болса бір уысын қалтаға ұра салдым. Өйткені , қағаз ақшаға қарағанда тиындарды мен өзім жақсы танимын. Қалған әртүрлі суреттері бар ақшаларды үшеуміз қалталарымызға бөліп – бөліп салып алдық. Қанша екені де білгісіз , бізге бәрібір өйткені Азаматтан басқамыз ақша санай алмаймыз , қанша сом екенін тек түр - түсі мен суреттерінен ажыратамыз. Сосын үстіміздегі киімдерді де ауыстырып алдық. Мен ерекше қуандым , себебі судай жаңа киімді бірінші рет киуім. Осы уақытқа дейін ағаларымнан қалған шоқпыттарды киіп жүргем. Обед бітетін уақыт жақындады – ау дегенде Азамат бәрімізді қайта тығып қойды , мені бір киім ілгіште ілулі тұрған улкен тұлыптың ішіне кіргізіп түймелерін түймелеп қойды , өздері қайда тығылғанын білмейм. Тығылып тұрып тонның түймелері арасынан сығалап тұрмын. Бір кезде үш әйел адам келіп есікті аша бастады. Мен қашуға дайындалып тұрмын , ұсталып қалсам қайтем деген қорқыныш та жоқ емес. Екеуі ішке кіріп , біреуі құлпысын жөндеп бекітіп есікті айқара ашып енді кіріп келе жатқанда , не болса да енді кеш болар деп ойласам керек тонның ішінен шыға қаша жөнелдім. Түймелері бекітіліп тұрған тонға оралып қалған мен омақаса құладым. Қалтамдағы бір уыс тиын шашылып кетті , қайтадан тұра ұмтылғанда байқадым Азамат алдыда , Бико артында екеуі есікке қарай жүгіріп барады , алдында кірген екі әйелдің біреуі байқаса керек жан ұшыра - Есікті жап! Ұры..! Ұры.. - деп айқайлағанын анық естідім , есіктегі әйел сасқалақтап қалды – ау , екі қолын екі жаққа керіп сәл еңкейе тұра қалды. Азамат , еліктей жылдамдықпен келіп үстінен секіріп кетті де Бико едендегі бетон бетімен сырғанап келіп бұтынан өтіп кетті , мен болсам тура сол әйелге келіп соқтығысып қалдым да құлата – мұлата , жұлқынып қашып шықтым. Шыға сала , «Қызыл ұш» тауын бетке алып құйғытып келеміз. Қанша жүгіргеніміз белгісіз , тау ішіне кіріп бірақ тоқтадық. Біреу - міреу қуып келе ма деп , арытымзға қарап та қоямыз.- Енді не істеиміз – деді Бико. - Білмейм, көреміз – ей не істейміз – деді маған қараған Азамат. Мен , иығымды қиқаң еткіздім , оным білмеймін дегенім еді. – Өй сені де , сұрап тұрған мен де ақымақ, - деді Азамат. - Қой кешке дейн осында жатайық , сосын көреміз, - деп нүктесін өзі қойған Азамат , маған қарап, - Капучи , бағанағы мәнті қайда? – деді. Мен енді ғана ес жидым ау деим , мәнті есіме түсті. Бағана ақша алып жатқанда маған пакетке салынған мәнті береген , кейін жейміз деп. Соны бағана қашқанда жоғалтып алыппын қайда , қай кезде жоғалтқаным есімде жоқ. – Жоғалтып алдым – дедім мен күмілжи. - Өөөөй өлік , жат енді аштан – аш кешке дейін , деді Азамат. Қанша болғаны белгісіз кеш бата ауылға қарай бет алдық. Ауылға шамамен он шақырымдай бар , бір ЗИЛ машинасы келе жатыр екен , қол көтеріп тоқтатып алдық , жүргізуші әрнені сұрап келеді. Біз қолдан келгенше жауап беріп келеміз , біз деим ау , Бико ауызы жабылмай түгел айтып келеді , Әрине «Детски мир» жайлы емес. Ір кезде жүргізуші , қалжыңдап – Ақшасын кім төлейді ей , жүгірмектер – деді. - Капучи – деді Бико тақ ете қап. Мен де сасқаннан , 25 сомды ұстата салыппын. Оны көрген жүргізуші машинаны тоқтата сап , - Түс әкеңнің – деп айғай салды. Қорқып кеткен біз секіріп – секіріп түсіп қалдық. – Әй жүгермектер , мен сендерді көргенім жоқ – деді де кете барды. Ауылға әлі екі шақырымдай бар , оның үстіне , қараңғы түсіп кетті. Азамат – Өй мола ! Әкеңнің басы бар ма ей! Ауызыңды жауып тыныш отырмайсың ба ! Енді ана жүргізуші , учасковой Жарылқасынға айтады , бәрімізді қамайды есек, сотталамыз , сенің отырғың келе ма не ? – деді Бикоға қарап. – Ей өлік ! Сенің нең бар еді , Ақша танымайсың ба не ? 25 сом бергенің не ? Ей оның ! айлық жалақысы 25 сом емес шығар. Сен болсаң , сотталамыз енді , өй қойшы ей. – деді. Сотталамыз дегенді есігенде мен қорқып кеттім. Маңдайымнан тер шығып кетті. Мұрнымнан аққан сорамды қайта –қайта тарта беріппін. – Кәзір ауылға барайық та ақырын , тың тыңдайық егер ешкім білмесе , ертең сабақта кездесеміз. ***