НАУРЫЗДЫҚ ТАҒЛЫМДАР

НАУРЫЗДЫҚ ТАҒЛЫМДАР
жеке
блог

Бұрын қателік жасағандар кешірім сұрайды, екіншісі кешірім жасап, табысады.

Ренжіскендер татуласады, қол алысады, бірін-бірі үйіне шақырады, дәм татады.

Үйді, қораны, даланы алдын ала тазартады.

 

Бойын да, ойын да, ниетін де таза ұстайды.

Әдепсіз сөз сөйлемейді, көңілін көтеріп ұстайды.

Ешкімді ренжітпейді және біреумен ренжіспейді, қатты сөз айтпайды.

Малды, тағы басқа жан-жануарды ұрмайды, зекімейді.

Дала құстарына наурызкөже, жем шашады.

Бұлақ көзін ашады, оның маңайын тазартады.

Жастарды әдепке,тәртіпке,ұлттық салт-санаға үйретеді.

Бұл күні жұмыс істемейді, сауда жасамайды.

Көшіп-қонбайды, сапарға шықпайды.

Шаш, тырнақ алмайды, кір жумайды.

Ақсақалдар мен әжелерге, ата-аналарына барып сәлем береді, құттықтайды,сый ұсынады, "белкөтерер" апарады, батасын алады.

Әр адам алған қарызын осы күнге дейін қайтаруға тырысады.

Жаңа немесе таза киім киеді.

Кездескен барлық адамдарға жақсы көзбен қарайды, сәлемдеседі, жылы сөйлеседі.

Үйдегі, даладағы мүліктер мен дүниелерді шаң-тозаңнан арылтып, тазартып қояды.

Тозығы жеткен киімдер мен ескі, бүлінген заттардан арылады.

Ағашқа, өсімдіктерге су құяды.

Ағаш, гүл отырғызады.

Дәмді,тәтті,жеңсік астар әзірлейді,ішімдік ішпейді.

Алыс,жақындағы туыс-туған, ілік жұрағаттарға, сыйласқан кісілерге құттықтау, сәлем жолдайды,сәлемдеме береді, сыбаға апарады.

Қарашаңыраққа сәлем береді, сыбаға апарады.

Алдымен құдайы көршіге кіріп, құттықтайды.

Үйге келген адамды қуанышты жүзбен қарсы алады, дастарханға шақырады.

Жетімдер мен панасыздарға, ауру-сырқаулар мен мүгедектерге көмек көрсетеді, қайырымдылық жасайды.

Бұл күні таза,бүтін ыдыстарды пайдаланады.

Наурыз күні тек жақсы хабарларды ғана таратады, жамандықты айтпайды.

Ұлы істің ұлы күні туғандарға Наурызға байланысты балаға есім қояды.