Ағылшын тілін қалай үйреніп жүрміз?

Ағылшын тілін қалай үйреніп жүрміз?
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы тіл мамандарын дайындау бойынша Қазақстан Республикасы мен Орта Азия елдеріндегі жетекші орталық болып табылады. Онда мықты мамандар жұмыс істейді. Журналитика факультетінің студенттері де жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының  ұстаздарынан дәріс алады. Бізде қазіргі таңда ағылшын тіліне арналған кәсіби қарым-қатынас негіздері пәні жүріп жатыр. Сапарходжаева Нұргүл Пажарбековна бізге осы пән бойынша дәріс береді. Ол кісінің сабақ беру тәсілі ерекше. Студенттердің қарым-қабілетін аңғарып, олармен ағылшынша сөйлесіп, білмегенімізді үйретіп, үнемі өз ақыл- кеңесін де айтып отырады. Елбасымыздың «Үштұғырлы тіл» саясатын қолдайтын ұстаздардың бірі. Болашақ журналистердің ағылшын тілін меңгеріп шығуына үлкен үлес қосып отыр. Сол кісінің арқасында сөздігіміздің де көлемі кеңейді, сөйлеу мәнеріміз де біршама реттелді десек те болады. Сабақ та көңілді, студенттер де белсенді қатысады. Нұргүл Пажарбековнаның маған бір қасиеті қатты ұнайды. Егер сабақ барысында бір элементін түсінбей қалсақ, біз үшін ерінбей  басынан бастап түсіндіріп шығады. «Мен үшін сіздердің қанша балл алғандарың емес, қанша білім алғандарың мағызды» деп есептейтін Нұргүл апай біздің сүйікті ұстазымыз. Ол кісі жұмыс істейтін кафедраның тарихына қысқаша тоқталып кетсем: Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының тарихы екі кафедра тарихы тоғысынан тұрады: жалпы тіл білімі кафедрасы және шетел филологиясы кафедрасы. Екі кафедраның бір құрылымдық бөлімге бірігіуі 2011 жылдың маусымындағы кластерлік тәсілдемеге сай орындалды.  Жалпы тіл білімі кафедрасы 1950 жылы 1 қыркүйекте құрылды.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-ші шетел тілдер гуманитарлық кафедрасын бөлу туралы 2002 жылғы 26 наурыздағы Ғылыми кеңесінің отырысының шешімімен 2002 жылғы 29 шілдедегі 179 бұйрығы негізінде шетел филологиясы кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі:  Мадиева Гүлмира Баянжанқызы.

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы келесі мамандықтар бойынша даярлау жүргізеді:  Бакалавриат,  Магистратура,  PhD Докторантура