Ұттық па, әлде ұтылдық па?

Ұттық па, әлде ұтылдық па?
жеке
блог

      Кешқұрым шетелдік фирмалардың бірінде күзетші болып жасайтын досымды автокөліктің ішінде күтіп отырғанмын. Асықсаң жеткізбейтін уақыт аяғын баспай қойды. Осы "шансты" пайдаланып Массагетке кірдім, оқи алмай жүрген мақалаларды, блогтарды оқып шықтым. Массагетті қолданушылардың бұрынғыдай белсенділігі байқалмайтындай көрінді. Мүмкін мен секілді қолдары тие бермейтін болар деп ойладым. Одан ары ұялы телефонымдағы түкке тұрғысыз қосымшаларды өшіріп, вирусқа қарсы бір тексеріп алдым. Осылай бірталай маңызды шаруаларымды реттестіріп отырғанмын.                             Мәссаған, безгелдек! Өз көзіме өзім сене алар емеспін... Сұмдық-ай десеңші! Қазақтың қаршадай қызы шетелдік шауқанның мойынына асылып алған. Бейне бір Латын Америкалық телетоптамалардағыдай. Ұят дегеннен жұрдай! Қаным басыма шауып, тынысымның тарылғаны сонша көз алдым қарауытып кетті. Қыз намысын қастерлейтін бабаларымның алдында ақталғаным ба, әлде шарасыздық па, білмеймін, әйтеуір дабылдатқышты ұзаааақ басып тұрдым. Ұялғаны ма, әлде ашуланғаныма мен жақты көзімен бір атып, құшақтасқан күйі көп ғимарат ортасына сіңіп кетті.

                   Ұттық па, әлде ұтылдық па?