Менің бақытым,байлығым!

Рас,бақытты екенім ақиқат.Осындай керемет елде дүниеге келдім және осында өсіп жатырмын.

Бұл мен үшін үлкен бақыт.

Ардақты аға-әпкелерім бар,елдің мерейін көтеріп абыройын асқақтатып жатыр.

Бұл мен үшін үлкен бақыт.

Ата-анамның ортасында алаңсыз өмір сүріп жатырмын.Көйлегім көк,тамағым тоқ.Уайымым жоқ.

Бұл мен үшін үлкен бақыт.

Сабағымды жақсы оқимын,ұстазым да жылы шырайлы,мейірімді жан.

Бұл мен үшін үлкен бақыт.

Қиын-қыстау кезеңде жаныма медеу болатын достарым бар.

Бұл мен үшін үлкен бақыт.

Қазақстан атты ұлан-ғайыр жерім бар.

Бұл мен үшін үлкен бақыт.

Халқы қонақжай,ақпейілді халқымыз бар.

Бұл мен үшін үлкен бақыт.

Дәл кәзір осы жазбаны Массагетте жазып отырмын.Ал тұңғыш қазақтың сайтына кіру-бұл мен үшін үлкен бақыт.

ИӘ,мен бақыттымын.Өйткені,жан-жағымдағы адамдар маған мейіріммен қарайды.Олар маған бақыт сыйлады.Мен де  өскенде,еліме,жеріме бақыт сыйлайтын боламын!

Айтпақшы,ұмытпаңыз!Сіз ең,ең,ең бақыттысыз!Дәл мен сияқты!



Бөлісу: