«Саламатты ұрпақ» жобасы Павлодар облысыныда жүзеге асуда!

Баянауыл ауданы бойынша 2014 жылғы 22 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының арасында бұқаралық спортты дамытуды және «Саламатты ұрпақ» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ш.Айманов атындағы мектеп гимназиясының спорт залында волейболдан аудан әкімінің ауыспалы кубогы ойнатылды.

Жарысқа Майқайың кенті мен ауылдық округтердің және аудан орталығындағы мекемелерден, барлығы 16 команда қатысты.

Аталған іс-шараны аудандық волейбол федерациясының президенті Даулетқалиев Абай Иксанұлы ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыс соңында бірінші орынды Сәтбаев ауылдық округінің командасы иеленсе, екінші орынға Баянауыл ауылдық округінің командасы қол жеткізді. Үшінші орынды Торайғыр мен Жаңажол ауылдық округтері командалары өз ара бөлісті. Жеңімпаздар аудан әкімінің алғыс хаттарымен қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.



Бөлісу: