СЫН (мысал)

СЫН (мысал)
жеке
блог

Бір кездері өнерімен  көпшілікті  тамсандырған атақты суретші болыпты.  Шәкірттері де көп екен.  Осындай шәкірттерінің бірі оқуын аяқтағанда,  көрме өткізуге кеңес береді.  Суреттерінің жанына   қалам қойып: «Ұнатпаған, не келіспеген жерлеріңізді түзетерсіздер» деп жазып қоюын мықтап табыстайды. Шәкірті ұстазының сөзін екі етпейді. Ертеңіне шәкірті  суреттерінің сау жері қалмай шимай-шатпаққа толғанын көргенде ұнжырғасы түсіп кетеді. Ұстазына барып ренішін білдіреді. Ол  жұрттың жасағанына көңілге алмай, суреттердің бәрін қайта салуды ұсынады. Бозбала  суреттердің бәрін қайта салып болғанда, ұстазы: «Бұл жолы да көрме ұйымдастырып, суреттеріңнің жанына түрлі-түсті бояуларды қой. Кем-кетігі болса осымен түрлендірерсіздер деп жазуды ұмытпа» дейді.  Бірнеше күннен соң келіп қараса суреттерінің ешбіріне ешкім ешқандай түзету жасамапты. Шәкірті  қуанғанан  ұстазынына  жүгіріп барғанда ол күлімдеп:
– Бірінші көрме кезінде адамдарға суреттеріңді түзетуге мүмкіндік бергеніңде олардың сыны қаншалықты қатігез боларын түсіндің. Өмірінде бір сурет салып көрмеген адамның өзі әйтеуір сын болсын деп суреттеріңді шимайлап кетті. Екінші рет адамдарға шығармашылық талап қойдың. Ол  білімді қажет етеді. Бұл жолы жұрт білмеген тақырыпта сын айтуға қорықты. Жасаған жұмысыңның тиісті бағасын бұл өнерден хабары жоқ адамдардан ешқашан ала алмайсың.Сондықтан түсінбейтіндермен ақылдаспа және ешқашан олармен ұрысып, ренжуші болма,–деп ақыл айтады.