Кімді ойласаң сол келеді...

Кімді ойласаң сол келеді...
жеке
блог

Көз алдыңызға елестетіңізші, сіз ойлаған адам сіз қалаған уақытта сіздің қасыңызда... Рахат қой иа, алыста, тіпті алыстағы жанды бір көру үшін ойлап қасыңа шақырып аласың... Кімді шақырып алатыныңызды елестеттіңіз бе? Мысалы мен білем, бірақ тізім тым ұзақ екен :)

27 күні кинотеатрлардан көрсетілетін "Кімді ойласаң сол келеді" (Легок на помине) атты Ресейлік туынды сізді осындай ойларға берілуге шақыратыны сөзсіз. Ерлі-зайыпты Кристина Асмус пен Гарик Харламов ойнаған бұл туынды сіздің миыңыз ауыр салмақ түсірмей ауыр жұмыс күнінен кейін демалуға мүмкіндік беретін күлкілі туынды. Кейде киноға барған кезде шаршаған миымды ауыр ойлармен одан ары шырмалауға түсіргім келмейді. Дегенмен, Ресейліктер комедия жанрындағы фильмдерді жақсы түсіруді үйренді. 

"Саудада туысқан мен достық жоқ" деген ұстанымды ұстайтын Паша жері керемет ауданда орналасқан бір үйді сатуға тырысады. Ол үйдің кәрі иесін алдап өз атына жазыдыртып алып, қымбат ақшаға сатпақ болады. Махаббатқа берілген адал кемпір жігітке бірден үйін оның басына аударып береді, бірақ оның есебі басқа еді... Себебі, ерекше қасиетке ие үй ол жігітке үлкен сый дайындап қойған еді... 

Пашка түні бойы ұйқы көрмей өзі туралы ойлаған адамдардың қасынан табылатын жағдайға жетеді... Әрине оның пайдасы да зияны да тиетін болады... 

Маған киноның жеңілдігі мен мақсаты ұнады. Адамның ең адал досы ақша мен ақша үшін туысын да сатып кететін адамдар емес екенін жақсы көрсете білген. Кейде ақша үшін жоғалтқан арыңды игі істеріңмен қайтарып алуға болатынын көрсете білген. Кинода Ресейдің танымал шоу бизнесмендерінің көбі ойнағандықтан да кино қуаныш сыйлай алды. Барып, демалып қайтуыңызға балады, кеңес берем :)