"Қазақ жастары" қазақ жастарын асыға күтеді..

"Қазақ жастары" қазақ жастарын асыға күтеді..
жеке
блог

Ел арасына атын бірінші айтыскер ақын ретінде танытып, өнер жолында білім алып, қазір эстрадада өзіндік орынға ие болып келе жатқан Төреғали Төреәли Алматыға қарасты Қаскелең қаласында жеке ән кешін береді. "Отанды сүю-Иманнан", "Іздеме", "Қазақ жастары", "Жұмадан қалма" сынды әндермен ән қоржынын жасақтаған жас әнші алғысы келіп жүрген белестері әлі де көп. Еркін Нұржановпен "Ботам-ай", Бағылан Әбдіраимовпен бірге "Қызғанамынды" орындап ән сүйер қауымды қуантты. Батыс өңірлерге жеке кешін өткізіп, үлкен ықыласқа ие болып келді. Енді өзінің тұрып жатқан маңына, яғни, Қаскелеңге келіп өнерін "Қазақ жастары" атты кешімен жұртшылыққа ұсынғысы кеп отыр. Уақыттарыңызды көңілді өткізулеріңізге тілектеспіз!

Кеш 9-Наурыз күні Қаскелең қаласының орталық мәдениет үйі (ДК) залында өтеді. 

Басталуы - 18:00. 

Билеттер мәдениет үйінің кассасында. 

Байланыс: 8-778-204-43-07