Қош бол Сочи, сәлем Пхёнчхан!!!

Қош бол Сочи, сәлем Пхёнчхан!!!
жеке
блог

Ия, «Тойдың болғанынан, боладысы қызық» дегендей асыға күткен Ресей топырағында өткен Сочидегі ақ олимпиадада әп сәтте өз мәресіне жетті. Додаға түскен дарабоздармен тақымды қыса шауып, женген сәтінде бір қуансақ, жеңілген сәттерінде «қап, әттеген ай» деп қалғанымыз да жасырын емес. Қанымыз қазақ болған соң отандастарымыз қатынасқан әр бір жарыстан үміт күтіп, тілеуін тілеп отырдық. Тарихтың бір бетіне қатталып үлгерген бұл ойындарда да жерлестеріміз жаман нәтиеже көрсетпеді, тек қоржында сынғырлап жалғыз медаль қалғанын есепке алмасақ... .

 

Әу басында үш спортшыдан үлкен үміт күткен едік. Оның бірі Денис Кузин болатын. Олимпиаданың дайындық кезеңінде топ жарғанда, бөркімізді аспанға ата қуандық, бірақ сыналар сәті әлі алда екен. Финалдық кезеңде жетінші орынан аса алмады.

 

Екінші бір спортшымыз Алексей Полторанин болатын. Оның ең үздік көрсеткіші 9-орын болды.

 

Үшінші спортшымыз мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен болатын. Жарады, үмітті ақтады, қоржынға қоланы салды!!!

Сәтті өнер көрсете алған спортшыларымыз фристайлдың могул бағдарламасы бойынша Дмитрий Рейхард (бесінші) және Юлия Галышева (жетінші), шорт тректен ерлер арасында эстафеталық сынға қатынасқан құрама (бесінші), фристайлдың акробатика сынында Жанбота Алдабергенова (алтыншы),500 метрге конкимен жүгіруден Роман Кречтер (жетінші) болды.

 

Жалпы ақ Олимпиадада жоғары дәрежеде өтті. Сексен сегіз ел қатарынан Қазақстан жүлде иеленген жиырма алты ел қатарынан көрінді. Әліде алар асуларымыз көбейсін, қазақтың қара домалақтары қар үстінде жүлде ұтар күндерді көрейік.

Қош бол Сочи, сәлем Пхёнчхан!!!