Білемін қайта келесің жарқын күндер елесі.

Білемін қайта келесің жарқын күндер елесі.
жеке
блог

Білемін қайта келесің жарқын күндер елесі.

Соңғы уақытта мен өте сезімтал, ренжігіш болып кеткенімді байқадым. Мен арамдана бастаған сиақтымын. Бұлай деуіме себеп көп.  Мәселен, бұрын жақындарым көңіліме тиетін сөздер айтса, бала көңіл мән бере қоймайтын. Ұмытып та кететінмін. Көңілім де суымайтын.Ал қазір бәрі басқаша. Менде өзім тарапымнан көз қарас пайда болды.

Екі жыл бұрын мен адам баласына ренжімейтін, шын көңілден бәрінен көмегін аямайтын жарқын жүзді, адал тұғынмын. Жанымдағының бәріне дерлік, қолымнан келгенін аямайтын едім.  Иа,  арине ойбай деп ауыз толтырарлық дүние емес. Құнды тон , не қымбат телефон. Мәселе ақшада, не байлықта емес. Мен жай олардың бәріне қуаныш сыйлағанды жақсы көретінмін. Рахмет айтпаса да маған солардың қуанышы,  жұмыстарының біткені рахметі болатын. Жанымдағы құрбыларыма да сабақ жөнінде  слайд, срс , қосымша материал аянбай,  уақыт үнемдемей , қажетін  тауып, жасап беретінмін. Практика жөнінен де шешіп беруге тырысатынмын. Талай жасадым да. Жан құрбыларыма өз дүнелерімді сенікі –менікі демей бере салушы едім. Жан беруге дайын едім.  Жақындарым  ренжіп жататын, пайдасы жоқ дүние деп. “Сол адамдарың  сен бірдеме сұрағанда,  қолдарында тұрса да жасамайды” дейтін. Мен ұрсысып, дәлелдеп, айтеуір ақтап алуға тырысатынмын. Таныс емес бір көрген жандарға да шын ниетпен көмек қолын аямайтынмын. Ол кезде мен бір жақты ойлайтынмын. Олар маған сеніп, соны сұрап тұр.  Мен қолымнан келіп тұрса істеуге міндеттімін. Ұят болады. Қолымда тұрған дүниені бермесем бетіне қалай қараймын.  Мен солардың алдында күнәсі бар  адамдай, өзіме міндет санайтынмын. Әрі еш өкінбейтінмін, қазір де өкінбеймін. Тек қазір бәріне бірдей шабыла бермеймін.

  Есие келе кез келген адамға деген қарым-қатынасың, көз-қарасың өзгереді екен. “ Сыйға сый, сыраға бал”дейді атам қазақ. Әй бірдеңені біліп айтқан-ау. Кейде не болса соны айтады деп жазғырамыз. Көріп, біліп айтса керек. Қазірде сол дүниелер менің қолымда, істесем де болады. Бірақ қазір мен ол Балжан емеспін. Сол кездері жаныма жақын жандарды түсінбеппін. Талайын досым деп сыр шегіп, қателесіппін. Мен жайында жаман дүниелер айту үшін, менің аз да болса жасаған жақсылықтарымды есіне алса нелері кетеді. Бұрыңғы қарым-қатынас, өмірге деген көз қарасым,  көңілім болса мен қазір де солай жасаушы едім. Кейде мен өзім солай қайтарымсыз,  жай Балжан бар ғой, айтсаң жасап береді. Әкеп те береді. Жұмсасаң балаша шауып барып келеді  деп. Өзім басыма шығарып алғам. Мен өзім сынды жұмысаса, қолы тимей жатыр, бара салам. Менің ештеңкем кетпейді дейтінмін. Кезінде жасаған жақсылығы бар. Мен жасауға міндеттімін. Не үшін жанында жүрмін деп ойлайтынмын. Ал олар болса... Ех...Әттең, Мені жұмысап, сыртымнан Балжан жұмысағанға жақсы, алдағанға көне салады. Сен былай сұра, сонда ол жіби салады,  өзі-ақ жасап береді, деп мені келеке етіпті.  Бұл мен көрмейтін, осы уақытқа дейін сезбеген дүниелер. Естігенде сенбейтінмін, ел не демейді, мен жақсы білем ғой дей салушы ем. Содан өзіме қажет кезінде жанымнан біреуінің де табылмауы, менің барымды өз мүддесіне қолданғандары менің жүрегіме қаяу салды. Орыста керемет сөз бар. “Нельзя любить всех. Не все могут стать родными. ”Бәрін бірдей бауыр санау, сену, ағыңнан жарылу дұрыс емес екен. Сен оларды жаныңа жақын тартқан сайын, олар сенен алыстап, сені басынады да екен. Өздері олары мен қоймай маған: “ сен өзгеріпсің. Эгоистка болып барасың ”дейді. Жақсылығыңды бағалай алатын. Сыйластығыңа шын ықылас пен жауап қайтаратын жандар санаулы ғана екен. Сенің қандай болмасын мінезіңе шыдап. Сонда да сенен бас тартпайтын жандар өте аз, әрі санаулы. Мен қазір солардың ғана қамын жеймін. Олар үшін жанымды беруге дайынмын. Көңілім де, сезімім де баяғыдай. Сол жандарды мен сыйлаймын. Мақтан тұтам!

Әрі бағалаймын. Кейде өзімді ақтап қоям. Мүмкін ол адамдар сондай болған шығар, Әу бастан-ақ ниеттері де, көңілдері де. Мен жақындарым деп жүрегімді ашқанда, олар үшін мен жай,бөтен адам болған шығармын. Сондықтан да менің шын ниетім мен көңіліме жауап қатпаған болар. Алдаған да шығар. Бірақ мен сенем. Мен кереметпін, қолымнан бәрі келеді. Менсіз құриды деген пасық ойдан аулақпын. Менің де сасық көңілім бар. Менің қадірімді әлі-ақ түсінеді, біледі олар. Сенем. Үміттенемін.

 

  Оларға айтарым:

“-Иа мен әлі де бала шығармын. Мені алдай салу да оңай болар. Бірақ сендер қателесесіңдер. Мен бәрін біліп, сезіп тұрамын. Шындықты біліп тұрсам да, айтқан өтіріктеріңді тыңдап тұрам. Мен алданған кейіп танытам. Сендер қандай болсаңдар да, сендерді жамандыққа қыймаймын. Менің алдымда ынжырғаларың  түсіп қалмасын деймін. Сендер үшін ол жеңіліс болуы да мүмкін. Сол үшін мен тағы да өзімді құрбан ете салам. Седер мені алдағаны мен, төбеде бір Алла бар. Мен соған сенем. Мені алдадым деп риза боп тұрған көңілдерің үшін мұңаймаймын да. Мен не істесем де шын көңілден. Шын жүрекпен істедім. Мүмкін менікі де екі жүзділік болар. Беттеріңе күліп қарап, сырттай суып кетуім.  Мен сендердің  көз алдымда  жылап- сықтағандарыңды, ұялғандарыңды  көріп тұра алмаймын. Сендердің жүздеріңнен жас көргенше, өтірік болса да менің алдымда жүздерің жарқын, күлімдеп тұрғандарың жақсы. Мен есімде сол өзім ойлап тапқан адал достық, адал сезіммен қалғандарыңызды қалаймын.”