Азаматтық некеге қалай қарайсыз?

Азаматтық некеге қалай қарайсыз?
жеке
блог

Азаматтық неке батыс елдерінен келген жат қылық сияқты емес пе? Елімізде бұл арсыздар істейтін іс болып саналады. Яғни дін қағидаларына қарсы келетін бір ұятсыздар жұмысы. Ұятсыздықты былай қойғанда, бұл неке біткен жағдайда заң ешкімді қолдай алмайды, егер балаларың болса, әкесі олардан бас тарта алады. Әйел адамдар әрдайым жұбайым мені тастап кетсе деген үрейлі ойлардан қиналуы мүмкін. Алайда 100% дұрыс емес, пайдасыз неке деп айту да қиын. Мысалы азаматтық неке арқылы адамды өте жақсы танып алуға болады. Бәлкім, маған адамның тұрмыстағы күнделікті істейтін нәрселері ұнамайтын шығар, бірге тұрмай кейбір әдеттерді көре алмайсың. Сөйтіп мен жартылай таныс адаммен тұрмыс құрдым делік, сосын оның құмар ойындарға әуестігін біле бастаймын, бұл әрине ажырасуға әкеліп соғады. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен, асығып, жастайыңнан үйленіп ажырасқаныңнан, адамды дұрыс танып, әбден ойланып, тұрмыс құрған жақсы емес пе?

Назарларыңызға Рахмет, пікірлеріңізді күтудемін!