"Қазақ елі" деп атану қажет пе?

"Қазақ елі" деп атану қажет пе?
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! 

Өздеріңізге белгілі қазіргі таңдағы халық арасында жайылған жаңалықтардың бірі - елбасының мемлекет атауын өзгерту туралы ойы.  Өзгерту туралы ойы, яғни не жасалған жоба да емес, не халыққа ресми түрде айтылған ұсыныс та емес. Әлбетте, қазір біршама тиянақталған ой-тұжырым жасау қиын, дегенмен халық арасында тараған мәселеге айналғандықтан, бұқара халықтың сапалы қозғаушы күші бар екеніне күмәнім жоқ. Өз ойымша, әуелі халықтың бұл кездейсоқ болуы мүмкін жағдайға сыни да консервативті көзқарас білдірері рас. Әрине, басқалары бұл мәселені жаппай талқылынуын күтеде де шығар. Халықтың бұл ұсыныстың қандай өзгеріс алып келетіні және де пайдасы мен шығынына ой салатыны әркімге мәлім.

         Әлеуметтік тұрғыдан қарасақ, халықтың бұл өзгеріске жаппай келісуінің мүмкіндігі аз және де ел ішіндегі Қазақ елі деген жаңа атаудың басқа ұлттарға қысым көрсетуі де ықтимал. Өйткені “Қазақстан” деген атау қазақ елінің ішінде басқа ұлттардың бар екенін де көрсетеді. Алайда “Қазақ елі” деген жаңа атаудың мемлекеттің тек қазақтардан құралғанына меңзейді. Бірқатар “-стан” деп аяқталатын елдерден өзгеше болуын жеке басым қалағанмен, бұл өзгеріске оңтайлы кезеңді таңдаған жөн.

Баршамызға белгілі “Еліміздің бұл жобаға соншама қаржы жұмсалатындығының қаншалықты маңызы бар?” – деген ой туады. Басқа да маңызды мәселерге қаржының жұмсалуын халықтың қолдағаны қазіргі мемлекеттің жағдайынан көреміз.

Қысқа ойымды қорытындылай келсек, “Қазақ елі” деген атаумен келіссем де, рационалды түрде бұл мәселенің қазіргі еліміздің жағдайына сүйене отырып, ауыстыруға көшу орынсыз деп есептеймін, сондықтан оның қазір талқыланатын мәселеге айналмағаны абзал.

Назарларыңызға рақмет!