Түсінісу

Түсінісу
жеке
блог

Түсінбеген кінәлі емес десек те,

Қылмыспен тең - түсінуге тырыспау.

М.Шаханов

Түсіністік туралы әңгімелердің барлығы дерлік екі ғашық не жұбайлар арасындағы қарым - қатынасты қозғайды және оларға айтатылатын пікір мен кеңес те көп. Ал ата-ана мен бала арасындағы түсінеспіншілік туралы, мұны қалай шешуге болатыны туралы жазған кім бар? Ата-анасының ісі мен жағдайын түсінген бала бар ма?

Анам заттарын буып, бізді үйден алып кеткен күні мен де, ағам да оны түсіне алмадық. Екеуіміз де біраз уақыт анамызды тусінуге тырыспастан, әкемізді сағындық. "Мені әкеммен қалдырғанда.."Деген ойлар да алай келді. Бірақ есейе келе, шындыққа көзің жетіп, түсінеді екенсің. Бірақ түсінген мен ғана болып шықтым, ағам бұны кеше алмады. Мені қынжылтатыны да осы: ағама ойымды қалай жеткізе аларымды білмеймін және оның анамызды түсінуге тырыспайтынына да өкінемін. 

Мұндағы мақсатым, өз басымның уайымын айту дегенім емес, тек басқа жандар да өз әке-шешесінің жағдайын ұғынуға тыррысса екен деймін. Бізді адам қылып өсіремін деп, ешкімнен қалдырмай киіндіріп бағамын деген ата-анамызды бір сәт қолдауға, көмектесуге, түсінуге тырыссақ олар үшін қандай қуаныш болар еді. "Ананың әкесі айына пәлен мың салып тұрады, ал менікі болса мынанша мың ғана" деген ойды доғарып, керісінше біз үшін екі жұмыста жүрген әке-шешемізге салмақ салмауға тырыссақ қайтеді? Ал кей әрекетке деген түсінеспеншілік есейе келе әр адамға келеді, тырысса болғаны.