КЕШІККЕН КӨКТЕМ

 

КЕШІККЕН КӨКТЕМ
Көкейімнен көп көбелек ұшырдым,
Іздесін деп сағым күнді санамнан.
Салдарын да енді ғана түсіндім,
Қыс келгелі тым күмәншіл боп алғам.

«Биыл көктем келмейді екен! Кешікті...»,-
дейді санам тоналған.
Оралмастай біздің өлке не етіпті?
(Кінәмшіл де боп алғам...)

Қатал қыстың ақ ұлпасы ұшқанда,
Көктем күтем жеткенінше әл-шамам.
Көп кешікпей кеп қалады құстар да,
Раушановтың алақанын аңсаған.
Күтейік...

М.Әлия



Бөлісу: