жеке
блог

Девальвация!

Жұрттың бәрі девальвация деп даурығып жатыр! Доллардың курсы 155 теңгеден 180 теңгеге көтерілді. Енді бұдан кімге жаман? Біріншіден, депозиттерін теңгеде ұстаған адамдарға. Егер олар осы уақытқа дейін 4 000 000 теңге жинап, оны алып, пәтер алмақшы болса, онда пәтердің бағасы доллармен есептегенде бірнеше есеге өскені белгілі.

Екіншіден, сырттан келетін тауарларға баға өседі. Сырттан тауарлар доллармен сатылып-алынатыны белгілі. Демек, техника, көлік, үйдің бағасы қымбаттайды. Онымен іле-шала азық-түліктің де бағасы қымбаттауы мүмкін. Сонымен қатар, доллармен есептеп, пәтер жалдаушылар біраз қалтасынан қағылайын деп тұр.

Кімге жақсы? Әрине, ең бірінші депозиттерін долларда сақтаған адамдарға. Жылжымалы пәтер, көлік сатушыларына.

Доллар тұрмақ, теңгеміз де жоқ, бізге қатысты емес деушілер де бекер. Өйткені, жалақы өскен жоқ, бірақ тауардың бағасы өседі. Демек, теңгеміз құнсызданып барады деген сөз...

Бұған да көнеміз, не істейміз енді...

Әлеуметтік желілердің бірінде мынадай сурет жүр. "Осы сәтте Ұлттық банкте..." деп аталады.


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі