Арнау

О, Жасаған! Жаратқан ием, Тәңірім!
Поэзияң-қуаныш, бақыт әрі мұң.
Сол жанрдан маздаған отын лаулатқан
Мұқандай ерге етпеймін қалай мен тағзым.

Тағзым етем, Мұқаңдай ірі ақынға,
Қанша сыр жатыр!
Әр жазған шумақ хатыңда.
Сол Мұқаң айтқан кей сөзге досым мұңайып,
Сол Мұқаң айтқан кей сөзге оттай лапылда!

Ақыны-сенсің, қазақтың нағыз ақ иық,
Сен салған ойды тыңдайтын елің жат ұйып.
Құдіретті Алла сый еткен саған дариға,
Жүреді халқың тәу етіп, әр кез бас иіп.

Кетсеңде бізден, өзіңмен бірге өз елің,
Бүршік қып жардың өндіріп өлең өзегін.
Өзіңді қолдар қазақтай бауырың тұрғанда,
Өзіңдей ақын келеді деп мен сенемін!



Бөлісу: