Университетіміз алдыңғы қатарда

Бұл рейтингті жариялаған, білім беруді бағалау саласындағы көшбасшы Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясы. Аталмыш рейтингіге жарты ғасырдан астам уақыт өтпей, ашылған әлемнің ең үздік 50 ЖОО кірген. Ал, ЕҰУ-ті 32 орынға табан тіреді. QS Top 50 Under 50 рейтингісінің жалпы тізіміне Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, АҚШ, Испания, Нидерланды, Финляндия, Австралия, Швеция, Бельгия, Тайван, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Бразилия, Германия, Норвегия, Дания, Аргентина, Италия, Израиль, Португалия, Франция және Сауд Арабиясы сынды елдердің ЖОО-лары кірген. Айта кетерлігі, Еуразия ұлттық университеті ТМД-ның жалғыз оқу орны. 

  Университетім туралы жақсы хабарларды өзім айтсам мақтанғаным болар. (негізі мақтансамда жарасар) Сондықтан, бұл жағымды жаңалықты baq.kz былайша береді: "Рейтингтің қалыптасу әдіснамасы QS World University Rankings рейтингісін саралау әдістемесіне ұқсайды. Және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің белсенділігі мен сапасы, оқыту және интернационалдандыру, мансап әлеуеті, жұмыс берушілердің пікірі және басқа да белгілер арқылы ЖОО-ларды салыстыруға мүмкіндік бермек. Еуразия ұлттық университеті аталмыш рейтингіге енген ТМД-ның жалғыз жоғары оқу орны. Мұндай жоғары деңгейдегі халықаралық мойындау университеттегі білім беру сапасының артқандығын, сондай-ақ, оның әлемдік білім беру кеңістігіндегі жоғары стандарттарға сай екендігін дәлелдемек. 

Қазіргі таңда ЕҰУ Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiнің қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖОО-лары арасындағы бас рейтингіде алғашқы орында. 2013/2014 жылғы QS World University Rankings университеттердің әлемдік рейтингісі бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 66 сатыға көтеріліп, әлемнің кеңінен танылған университеттер тізімі ішінен 303-ші сатыдан көрінді.

   

Сурет:tengrinews.kz. enu.kz



Бөлісу: