Утилитарлы қолөнер. 2-бөлім

Утилитарлы қолөнер. 2-бөлім
жеке
блог

Алдыңғы посттың жалғасы....Үйдегі қажетсіз заттардан жаңа бұйымдар жасаймыз.

1-бөлімі осында

 

Осы жолы бізге керек нәрселер: қайшы

біз (мен №8, №4 алдым)

ескі кимейтін киімдеріңіз (майка, футболкалар жақсы келеді және әртүрлі тоқыма бұйымдар)

қалдық жіптер

1. Кіреберіске жерге төсейтін кілемше тоқимыз.

Алдымен дайындап алған киімдеріңізді түстеріне қарай сұрыптап алыңыз. Тым ала-құла болса әдемі көрінбейді. Қатты созылмайтын матадан болған жақсы, әйтпесе не созылып, не тартылып қалады. Өзімдікі басында біресе тартылып қалды, біресе жалбырап кетті ((

Сосын жіп сияқты, ұзын жолақша ғылып кесіп аламыз. Кескен кезде матаның қалыңдығын ескерген жөң. Жұқарақ мата болса жалпақтау кесеміз. Біртүсті жіптерді өзара байлаймыз, түйіншектері көрініп қалады десеңіз, арасын инемен тігіп жіберіңіз. Әр түсті жеке-жеке орап қоямыз.

 

          

Жіптерді дайындап алғаннан кейін бізбен тоқимыз. Мен дөңгелек қып тоқыдым, қаласаңыз төртбұрышты да тоқуға болады.

 

2. Енді балаларға арналған жамылғы (плед) тоқимыз.

Тоқыма бұйымдарды тарқатып, бұнда да түстеріне қарай сұрыптап дайындап аламыз. Бұнда мен ескі кардиган және әртүрлі түсті қалдық жіптерді алдым. Кейбір киімдер тоқылған матадан кесіп-кесіп тігіледі. Ондай жіпті тарқатсаңыз қиық-қиық болып шығады, түйіншектері көп болады. Одан да әр бөлшектері жеке тоқылып, тігілген киім жақсы. Пледтің көлемі жібіңізге байланысты. Жібіңіз көп болса, үлкен ғылып та тоқуға болады. №4 бізбен тоқыдым.

 

Ескі заттарыңызды қоқысқа тастамас бұрын, ойланып көріңіз, мүмкін одан пайдаңызға жарар бір керек нәрсе істеп алуға болатын шығар. Қоқысты азайтып, табиғатты аялайық!