АУЫЛҒА КЕЛІН БОЛАМЫН ДЕП ОЙЛАМАП ЕДІМ....

АУЫЛҒА КЕЛІН БОЛАМЫН ДЕП ОЙЛАМАП ЕДІМ....
жеке
блог

Уақытым тығыз...дегенмен кеше ғана өмірге келген жаңа туындыммен сіздермен бөліссем деймін. 

АУЫЛҒА КЕЛІН БОЛАМЫН ДЕП ОЙЛАМАП ЕДІМ....

Мен қаланың қызымын. Жақсы мектепте оқыдым, жоғары оқу орнын да қызыл дипломмен бітірдім. Әке-шешем тамағымды тоқ, көйлегімді көк етіп өсірді. Не жеймін, не ішемін деген уайым болмады мүлде. Ешқандай таршылық көрген жоқпын.
Бірақ Ғалымды кездестірген уақыттан бастап өмірім 360 градусқа өзгерді. Ол ауылдың жігіті. Әрі оқығаны тек мектептің орта білімі. Ауылдың өмірі де белгілі. Барған соң, таңертең сиыр сауасың, үйге ағылған көрші-қолаңды күтесің, айран ұйытасың, бақшаға қарайсың т.с.с. Мен мұндай өмірге мүлдем дайын емес едім. Қалада баршылықта өмір сүрген маған ауыл өмірі қайдан ұнасын? Ауылда тіпті жағдай да жасалмаған. Суды құдықтан тасисың, жуыну үшін суды жылытасың. Алайда, амал жоқ. Сүйген жүрекке әмір жүре ме? Ештеңеге мән берместен, ауылға барғым келмегеніне де ондағы өмірге дайын еместігіме де қарамастан Ғалымға тұрмысқа шықтым. Қаламен қош айтыстым. 
Оқып жүргенде құрбыларыммен үйлену жайлы әңгіме көп айтылатын. Көбісі "мен енеммен тұрмаймын, бөлек шығамын",-десе, бірі "енемен тұрудан құдай сақтасын, үйдің кішісіне, жалғыз баласына тұрмысқа шықпау керек" деп жататын. Бірақ, менде енемнен бөлек тұрамын деген ой болмаушы еді. Себебі, кейін өз балаларым менен теріс айналып ұлым келініммен кетемін десе қандай сезімде болар едім деп ойлайтынмын. Аялап өсірген баласының ата-анасын тастап кеткендігінен, оған деген жеккөрініш сезімінің бар екенін біліп бірге тұрғысы келмейтінін түсіну оларға тиетін ең ауыр соққы емес па еді?! 
Өкінішті-ақ. Менің енем көңілімнен шықпады. Ол кісіге барынша жағынып, ошақ-қазан басынан шықпай, күнде үйді ретке келтірумен болдым. Ал ол кісі не істеді? Мені көрген сәттен-ақ не қызым деп жанына тартпады, не келінім деп ауыл өміріне үйретпеді. Керісінше, бір ісім дұрыс болмаса "бұралаң-бұралаң етіп майыспай тез істемейсің бе, көршілердің көзіне сайқымазақтай күйік болмай жұмысты дұрыстап істе",-деп жекіретін болды.
Шыны керек итім шықты. Не істерімді білмей қатты қиналдым. Не күйеуіме, не өзімнің ата-анама айта алмаймын бұл жайды. Отбасымның шаңырағын шайқалтқым келмеді. Іштей тынып шыдам келемін. Шыдамымның да бір ғана себебі бар шығар. Ол Ғалымды, күйеуімді сүйгендіктен. Екеуімізді алда бақытты жаймашуақ күндердің күтіп тұрғандығын сезгендіктен, осыған сенгендіктен болар...Енеме де қанша жерден ренжісем де ауыр сөз айта алм аймын. Ол кісі менің сүйіктімнің анасы емес пе? Қанша жерден жаныма жара салса да шыдаймын, отбасым үшін. Бәлкім, арамыз жақсарып кетер. Менің кеудемде әлі де кішкентай шамның шырағындай үміт оты бар. 
Міне, менің оқиғам осы....Ауылға келін боламын деп ойламаған ем...бірақ жүрек сүйсе көнесің, басыңа түссе көресің, сүйгендіктен шыдайсың. Өмірде бәрі мүмкін. Сондықтан әр қиындыққа шыдай біліңіздер!!!

P.S: оқиғаның менің өміріме еш қатысы жоқ. Осы әңгіменің өмірге келуіне әсер еткен журналист жетекшім Айгүл апайға рахмет айтамын.