Корей елінің әндері мен сериалдары

Корей елінің әндері мен сериалдары
жеке
блог

Оңтүстік Кореяда сонау 90-шы жылдардың ортасында батыстың электропоп, хип-хоп, заманауи R’n’B сынды музыкалық жанрлардың элементтерін бойына жинаған жаңа музыкалық жанр пайда болды. Әлем бойынша өте белсенді дамып жатқандығына таңқалған пекиндік журналистер бұл кореялық музыкалық жанрды K-pop деп атады. Басында тек музыкалық жанр ретінде пайда болған K-pop көп ұзамай миллиондаған әлем жастары арасында танымалдылыққа ие болып, оңтүстік кореялық сән мен стильге еліктеген жастардың субкультурасына (мәдениетке) айналып үлгерді.

Көпшілікке танымал емес K-pop кореялық IT-индустрияның соңынан ілесе дами отырып, сол кездері жаңадан пайда бола бастаған әлеуметтік желілер, ұялы телефондардың дүниеге келуімен таныла бастаған еді. Сөйтіп интернеттің, жаңа технологиялардың дами түсуі дүние жүзі бойынша K-pop табынушылар санының артуына басты себеп болды.

Интернеттің арқасында осыдан 2 жылдай бұрын корей толқыны біздің де елге келіп жетті. Ал соңғы уақытта жастар кореялық сериалдарды тамашалап, музыкасын тыңдап қана қоймай, кәріс тілін үйренуге деген құлшыныс білдіруде. Сондай-ақ, қазақстандық жастар кореялық танымал әншілердің, әртістердің елімізге келулерін сұрап, оларға түрлі хаттар жолдап, корейліктер ұйымдастырған түрлі байқауларға белсенді қатысып жүр.