Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистері

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистері
жеке
блог

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Мейлі ер, яки, әйел болсын, мүміннің жеке басы, бала-шағасы не болмаса дүние-мүлкі әрдайым пәле-жалаға ұшырап тұрады. (Бұл ауыртпашылықтар сабырлылық танытқан мүміннің күнәларын жуып-шаяды да) соңында ол Аллаһқа күнәсіз, пәк күйде қауышады» деп айтты» деген.
(Тирмизи риуаят еткен)

*******************************************

Шәддад ибн Әус (р.а.):
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Нағыз ақылды әрдайым өз-өзін есепке тарта отырып, ізгі амалдар жасап, өлімнен кейінгі өмірге қамданған адам. Ал нағыз бейшара тойымсыз нәпсінің қалауына ерік беріп, соған қарамастан (о дүниеде ізгілермен бірге болармын деп) Аллаһтың мейірімінен үміт еткен адам деп айтты» деген.
(Тирмизи риуаят еткен)

******************************************

Шәддад ибн Әус (р.а.):
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Нағыз ақылды әрдайым өз-өзін есепке тарта отырып, ізгі амалдар жасап, өлімнен кейінгі өмірге қамданған адам. Ал нағыз бейшара тойымсыз нәпсінің қалауына ерік беріп, соған қарамастан (о дүниеде ізгілермен бірге болармын деп) Аллаһтың мейірімінен үміт еткен адам деп айтты» деген.
(Тирмизи риуаят еткен)

Әбу Са‛ид пен Әбу Һурайрадан (Аллаһ олардан разы болсын) жеткен хадисте:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Аллаһ тағала мұсылман құлының басына келген шаршап-шалдығу, ауру-сырқау, үрей, уайым, күйініш пен қайғы-қасірет секілді қандай да бір ауыртпашылық себепті, тіпті, қолына немесе аяғына кірген кішкене тікен үшін де оның күнәларын жарылқап кешіреді» деп айтқан» делінген.
(Бухари, Муслим риуаят еткен)

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Нағыз мықты күресте қарсыласын жеңген емес, қатты ашуланғанда өз өзін ұстай (жеңе) білген адам деп айтты» делінген.
(Бухари, Муслим риуаят еткен)

Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Таң намазының екі рәкағаты дүниеден және оның ішіндегі барлық нәрседен де қайырлы деп айтты» делінген. Басқа бір риуаятта: «Таң намазының екі рәкағаты мен үшін бүкіл дүниеден де сүйікті» деген. (Муслим риуаят еткен)

 

Әсмә (р.а.):«Бірде әлдебір әйел Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: Уа, Расулаллаһ! Қызым ойламаған жерде қызылша ауыруына шалдығып, шашы жидіп түсе бастады. Оның үстіне, оны жақында ғана ұзатқан едім. Қызыма басқа біреудің шашын жалғауыма бола ма? деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Аллаһ тағала шаш жалғаушыға да, жалғатқанға да лағынет айтқан* деді» деген.. (Бухари, Муслим риуаят еткен)