Массагетсіз 1 ай...Не түйдім,нені білдім?

Массагетсіз 1 ай...Не түйдім,нені білдім?
жеке
блог

    Массагет ауылына соқпағалы 1 ай болып қалыпты шамасы...Бетім бүлк етпей қайта айналып келіп саған жазбамды жазып отырмын.Сенің жоғыңда күнделігіме түртіп-түртіп қойған шимайларды ұсынбақпын әзірге.

 1 қаңтар

  • Орысша сөйлейтін қазақтардың үйінде қонақта отырмын,әңгімелерін тыңдасаң қазақтардай әңгіме айта алмайды,күлкілі... 3 отбасы отыр.Айтатындары отбасы туралы емес,электроника,"жаңа жылға қандай салат істедің?","сенің қызыңның қуыршағы менің қызымдікіне ұқсайды екен"...Қазақтар-ай...орыстанып кеткен,балаларын аяймын,"я монстр,я первый" деп жүрген.

 

2 қаңтар

  • Өмірімнің әр сағаты маңызды,бірақ бұл күндердің түк те маңызы жоқ.Себебі,еш себебсіз өмір сүріп жатырмын,мені керек қылатын адам жалғыз ғана.Жағдайымды сол түсінбей,кім түсінсін?..Тұнық жанардың астында тұнып тұрған жастың есебін кім қайтарады???
  • Алып таудың арғы бетінде кішкене дөмбешік тұр.Күннің бетін көлегейлеп алған тауға ренжіген кейіппен былай деді:- Мен де бір күні күнді көретін боламын,себебі мен сенен де биік боламн!Мен мақсатыма жетемін!Күн шуағына бөленбей өткен күндерімнің есесін қайтарамын!
  • Өмірдің бұлай боларын білгенде өмірге келмеуші едім,-депті бір данышпан...
  • Құдай туралы әңгіме болыпты:

      - Құдай осы кімге керек?-деп сұрапты біреу.Оған иманды адам            былай жауап беріпті:

      - Сен сияқты басына іс түскенде іздейтін адамдарға керек және          өзін сүйер,құлшылық қылар құлдарына керек.

 

 17 қаңтар

  • Үмітті арқалаған неткен ауыр,ақтай алар ма екенмін?...

 

21 қаңтар

  • Өмір-қымбаттым менің!..Сенің барыңда жақсы адам боп қалғым келеді...Дүниенің тылсым сырын ұқсам деймін,ешкім білмеген...Өмір! Мүмкіндік бер маған!Мен сенен бар жақсыны алып қалайын,уақыты келгенде мені мәңгіге аларсың!Өмір,өмір сүргіз,сүріндір,қуант,жылат,қина!Бақытты күндер сыйла!Әр таңның атқанына қуандыр!Артық кетсем сараң бол,жетпей жатса жомарттығыңды көрсет!Мендей пенделер домалақ жерде көп-ақ!Бәрінің де тілегі орындалсын,мына СЕНІҢ барыңда!Өмір,қымбаттым менің!

 

26 қаңтар

  • Жарық күн!

       Мына баяу тіршіліктен жалықтым,

       Төк аямай шапағыңды,нұрыңды,

       Жылулыққа,жылылыққа зарықтым!

  • ...бостандыққа шықсам егер,бостандықты сүюді үйретемін сендерге...
  • Тар жол,тайғақ кешудің де не екенін білдік...

Міне осылай  күнделігімдегі  шимай-шатпақтарды алдарыңызға жайып салдым (бәрін емес,көп әлі).Массагетті сағынғаным соншалық,"МАССАГЕТ! БҰЛ ДҮНИЕДЕ МЕНІ ЕШКІМНІҢ ІЗДЕМЕЙТІНІН БІЛЕМІН.МАҒАН ЕШТЕҢЕНІҢ КЕРЕГІ ЖОҚ.МЕН СЕНІ КЕЗ-КЕЛГЕН УАҚЫТТА ІЗДЕЙМІН!ҚОЛЫМ ЖЕТПЕГЕН КҮНДЕРДЕ ЖАЗБА ЖАЗА АЛМАДЫМ...МАССАГЕТ,СЕН МӘҢГІЛІКСІҢ,АЛ МЕН СЕНІҢ БӨЛШЕГІҢМІН...СОНДЫҚТАН..." деп дөңгеленген дүниеге бар дауысыммен айқайлап сала бергім келеді...