23-нші қысым...

23-нші қысым...
жеке
блог

   23-жасқа толдым.23-нші қарсы алып тұрған қысым бүгін.Ауа райы ғажап.Күн нұрын төгіп,маған ерекше мейірлене  қарап тұрғандай.Аллаһ тағаламнан сұраған жалғыз тілегім қабылданды деп сенемін.Күн көзі елжіреп қарағанын солай деп түсіндім.Туған күнімде ерекше сый алып көрмеппін.Ізгі тілектер,достарымның қоңырау шалып,почтама хат жібергендері көңілімді көтеріп тастады.Жалғыз емес екенмін.Аллаһ тағаламның ерекше мейірімділігіне бүгін тағы да көзім жетті.Сүйкімсіз құлына да жанашырлық танытып,бар шапағатын сыйлау-тек Алланың ғана қолынан келетін іс.Бір Аллаға ғана сыйынам,алдағы өмірімнен үлкен өзгерістер,жақсылықтың нышанын сеземін.Себебі,Аллаға сенемін!

    Басымнан өтіп жатқан жағдайлар,мені өмірдің сынап жатқан емтиханы секілді.Сол емтиханнан "2"деген баға алып,бармағын тістеп отырған"Өмір"деген институттың түлегі тәріздімін."5"деген бағаға институттағыдай қол жеткізу жеңіл нәрсе емес екен.Себебі,бұл өмір ғой.Ал,өмір-адамның маңдайына жазылған мөр екен.

    Басымнан өту керек болғасын өтті.Оған сен өкін,өкінбе.Болар іс болды.Тағы бір емтиханға дайындала бер,одан қандай баға аларың тек бір Аллаға аян!

    Туған күніңмен,Марал!

                             10.01.13