Бойжеткеннің жанайқайы

Бойжеткеннің жанайқайы
жеке
блог

   Гүлназдың көңіл күйі жабырқаулы.Күні кеше ғана қос тұлымы желбіреп,бейкүнә сәбидей,көңілі мұң мен шерден хабарсыз,жұлдыздай жарқырап жүрген еді...Дәл қазіргі жағдайын ешкімнің басына бермесін

   Көз алдына осындай сәтте ақылды әкесінің айтқан сөздері түсті және іштей ойланды.

   "Адамдардың бұл өмірге келгеннен кейін,алдағы көрер қызығы,оныменбірге қатар жүретін шыжығы,бұлыңғыр болашақ адамдардың өздерінің қолдан жасап алатын дүниесі екен.Айтшы,кім маған дәл осындай тағдырды таңда деді?Неге мен көптеген өзім сияқты өрім жастардың қолы жете алмаған,ата-анамның арқасында әрең дегенде қонған басымдағы бақты көтере алмадым?Ақымақ басым тағдырдың қанша тауқыметін тартсам да,әлі де маған ақыл қонбағаны ма?

    Міне енді әрбір келер күннен,атар таңнан шуақ тілеп,мына өмірден баз кешуге шақ қалып жүргенім.Шыдамсыз!Өзімшіл!Сыртым сырт көзге жылы шырайлы боп көрінгенмен,ар жағым толы сұм екен.Алдамшы жүз...Иә,мұндайды екі жүзді деуші еді ғой!Қандай жиіркенішті!Мен әкеме лайық қыз бола алмадым.

    Бәлкім,енді мен үшін тек өзім ойлағандай бір шешім қалды ма?..

    Жоқ,а,ең болмаса,әкемнің маған айтылған сөздері далаға айтылған жоқ қой!Ендеше титтей болса да түйсігіммен,өз шешіміме тағы бір шешім қосайын.Міндетті түрде солай болуға тиіс.Мен бар болғаны 18-демін ғой,алдымда аз дегенде 30жыл ғұмырым бар болса,осы 30жылдың 2жылы қателіктерімді жөндеп,өзім қимайтын,сүйетін жанымды өмірімнен өшіріп,ар жағындағы 28 жыл ата-анама жақсылығымды көрсетсем... Ал тұқымы құрғыр,бір жақ...сол сүйгенімнен бас тартпай-ақ,небір қиындық болса да,төзіп,ата-анаңа да жақсылығыңды тигізе бер дейді.

    Ал,менің басым қатып кетті!"

    Дәл осы мезетте ұялы телефонындағы әкесінің жансыз суретіне телміре қарап,нақ сол сәт оның ақыл-кеңесін,әкесінің аялы алақанын іздеген күйде,үнсіз жылай берді...

     P.S: Осы тапсырмамды оқып,шыдай алмай апайымның көзінше жылап жібергем...ол күндер артта қалды,қазір сол сүйген жаныма қосылдым,2ұлым бар,бұйырса тағы бір бөпеміз болады,ата-анам да риза,бір отбасының инабатты келіні боп отырмын)