Таак, 2011! Есептеп өтейін:)

Таак, 2011! Есептеп өтейін:)
жеке
блог

Тағы бір жыл зулап өте шықты... 20 жасқа толдым. Рас қайғы көп болды. Қуанышы да аз емес. Бұл жыл мені күрт өзгертті. Келесі жылы бітіретін тірліктер бастан асып жатыр! Кезексіз бастағаным үшін ренжімеңіздер! Бассыз лағып кеткен сияқты мааа деп қоям:) Жарайд не де болса бастайын! Төмендегілер нақты болмауы мүмкін. Әдетте жыл басында болған нәрселер есте қалмай жатады!

Жылдың үздік сайты: kerekinfo.kz, on.kz, surak-zhauap.kz, kinostan.kz

Жыл танысулары: блогшылар қауымымен таныстым

Жыл кездесулері: Mini BlogCamp 2011, City кафесіндегі басқосулар, ОН.КЗ ұжымымен кездесулер

Жылдың үздік тағамы: палау

Жылдың үздік сусыны: Maxi шәйі

Жыл орны: Компьютердің алды

Жылдың ең үздік жазушысы: Бауыржан Момышұлы, Джек Лондон (шынымен оқыдым)

Жылдың ең үздік кеші: сол бір кеш есімде:)

Жыл қуанышы: Алғаш рет әкем екеуміз намаз оқыдық. Қарындасты болдым.

Жылдың ең үздік әндері: Біржан Сал "Жанбота", Музарт "Күзгі бақ", PSC Dro feat. T.I "Do Ya Thang",

Жылдың ең үздік қаласы: Шымкент (не десеңдер де Шымкент, бұқақақа)

Жылдың ең үздік фильмдері: Начало

Жылдың ең үздік телефоны: 12 телефон жоғалттым

Жылдың ең үздік гүлдері: Сол қызға бере алмай қалған гүлдер

Жылдың ең үздік мезгілі: Күз

Жылдың ең үздік түсі: Ақ

Жылдың ең керемет жандары: Отбасым, Қуат және Біржан достарым,  Мейіргүл және Садық деген жігіт

Жыл ашылуы: Шымқаладаға Тәуелсіздік бағының ашылуы

Жыл күйініші: Мені тәрбиелеген атамның қайтыс болуы

Жыл уайымы: Қарындасымның ауырып қалуы

Жыл қорқынышы: Өлім

Жыл сапары: Қытай және Малайзия елдерінде болдым

Жылдың жауы: қу нәпсі

Жылдың ең үздік марапаты: Бәрекелді, қарағым. Алла разы болсын!

Жылдың ең үздік атауы: Адам емессің Садко, адам емессің

Жылдың ең үздік биі: Бөлемнің тойында билеген лезгинка:)

Жыл эфирі: Қазақстан телеарнасында ақпараттық қауіпсіздік бойынша берген 3 сұхбатым

Жылдың қызықты оқиғасы: BlogCamp 2011

Жылдың жүйкені жұқартқан жағдайы: Сервер істемей қалып, сайттарым қуғаны

Жылдың лақап аты: ҚараСақал, SADKO ФМ, ҚұсБегі

Жыл шығыны: Сот шешімімен 257000 теңге айыппұл төлеуім

Жыл суреті: Мынау

Жыл алғысы: Қиын кезде көмектерін көрсеткен, Ермек аға, Тимур Бектұр, Абай Отар, Жалғас Ертай, Мейірбек ағаларға

Шетелден келген жыл қонақтары: Алтыградус (Жапония), Бальзаминка (Үндістан), Рами Атия (Сирия), Симона (Германия), Уилльем (Англия)

Жыл экшны: 5 ай бойы соттан қашу

Жыл кітабы даже ғасыр кітабы: Құран Кәрім

Жыл блогшысы: Сатыбалды, Мейіржан, Теріскей, Айнара немесе ..., уфф жарайд бәрің мықтысыңдар:)

Жылдың кездейсоқ кездесуі: Аманда (Аустралия)

Жыл жұмбағы: Сүйді ме, сүймеді ме?

Жыл сөздері (сөздік қорыма жаңадан қосылған): Лібәд, Нақ, Тәліб, Әжемнің бешпенті, Кет нақ, Scheschesse, ЖьлямаЩ:)

Жылдың ең үздік реалистік поэзиясынан үзінділер:

Темекі, тек өзіңсің дертім менің,

Сезесің бе, көңіл күй шертілгенін

******

Өкпемді өшірсең де, рухымды өшірме:)

Жыл тілегі: 1,2,3! Аумин:)

Бұл жылы ауырдым. Қатты ауырдым.

Бұл жылы өтірік көп айтылды. Өте көп айтылды.

Бұл жылы жұмыс көп болды. Өте көп болды.

Бұл жылы шығын көп болды. Өте көп болды.

Бұл жылы маған ренжігендер көп болды. Қатты ренжіді.

Бұл жылы аз ұйықтадым. Өте аз ұйықтадым.

Бұл жылы көп сөйледім. Өте көп сөйледім.

Бұл жылы рухани даму аз болды. Өте аз.

Бұл жылы көп жол жүрдім. Өте көп.

Қысқасы, реніш жоқ ешкімге! Бұл жыл менің есімде ерекше қалмақ! Ризамын бәріңізге!