Қазақстандықтар жаппай доллар сатып алуда

ҚР Ұлттық Банкінің ресми ақпаратына орай, 2017 жылдың тамыз айында қазақстандықтар 313,6 млрд теңге құнына тең шетел валютасын сатып алған. Оның 93 пайызы АҚШ долларын алуға жұмсалса, қалған бөлігіне рубль (1,5%) мен еуро (5,5%) саудаланған.

Шілде айының статистикалық көрсеткішіне көз жүгіртсек, шетел валютасына сұраныс 59,6 пайызға өскенін көреміз. Ал АҚШ долларын сатып алу 2,2 есеге артып, рубль (89%) мен еуро (3%) шығыны азайған.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз аралығында шетел валютасын сатып алуға 1,4 триллион теңге (АҚШ доллары - 66%, Ресей рублі - 24%, ЕО еуросы - 10%) жұмсалған. Соңғы 5 жылдың осы аралықтағы сатылымның орташа көлемі 1,5 триллион теңгені құраған.