- Негізгі бет
- Білім
- Жер бетіндегі 750...
Жер бетіндегі 750 миллион адам әлі де сауатсыз
Адамзаттың соңғы 50 жылда білім саласындағы жетістігіне қарамай, әлем тұрғындарының басым бөлігі ХХІ ғасырда да әріп танымайды. ЮНЕСКО мәліметтеріне қарағанда әлемдегі 750 миллион адам жазу мен оқуды әлі де білмейді.
Зерттеулер нәтижелері сауатсыз адамдардың 45 пайызы Оңтүстік Азияда, 27 пайызы Африкада, 10 пайызы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда, 9 пайызы Солтүстік Африкада және Батыс Азияда, 4 пайызы Латын Америкасы мен Кариб теңізі елдерінде тұратынын көрсеткен.
Соңғы уақытта халық арасында білімге деген ұмтылыс өскен. ЮНЕСКО-ның статистика институты деректері бойынша, халық арасында сауаттылықтың ең жоғары көрсеткіші Шығыс және Оңтүстік Азия, Солтүстік және Батыс Африка елдерінде тіркелген. Оңтүстік Азиядағы сауаттылық 1990-2016 жылдары аралығында 46 пайыздан 72 пайызға, Солтүстік Африка мен Батыс Азияда 64 пайыздан 85 пайызға дейін өсті.
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бұл көрсеткіш 82 пайыздан 96 пайызға артса, Африканың Оңтүстік бөлігіндегі елдерде 82-ден 96 пайызға дейін өскен.
Сарапшылар әйелдердің сауаттылық деңгейі ерлерге қарағанда төмен екенін айтады. Соңғы мәліметтерге сәйкес сауатсыз адамдардың 59 пайызын әйелдер құраған.
Т. Раушанұлы