ЮНЕСКО тізіміне еліміздің тағы үш тарихи ескерткіші кірді

ЮНЕСКО тізіміне еліміздің тағы үш тарихи ескерткіші кірді

Биылғы жылы ЮНЕСКО тізіміне Қазақстаннан Қойлық қалашығы (Алматы облысы, Сарқанд ауданы), ірі және орта ғасырдағы маңызды қалалардың бірі Қарамерген (Балқаш ауданы) және Талхис қалашығы (Талғар ауданы) кіріп отыр.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының директоры Есет Дәуренбаев айтып берді.

Қазақстан тәуелсіздік алған 20 жыл уақыттан бері ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұрасы объектілерінің тізіміне еліміздің он тарихи және мәдениет ескерткіштері кірген екен. Оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи архитектуралық кешені мен Ясы-Түркістан қалашығы, Тамғалы тас жазулары, Меркедегі түркілердің ғибадатханасы және Бегазы-Дандыбай мәдени ескерткіштері бар.

Айта кетейік, бұлардың ішінде ЮНЕСКО мұралары қатарына ресми түрде тек екі қазақстандық мәдени ескерткіш кірді. Олар Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі (2003 жылдың 5-шілдесінде) мен Тамғалы (2004 жылы) тас жазулары. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: aikyn.kz

Б. Қосмағамбет