Біреуі – Оксфордқа, біреуі – Берклиге

Біреуі – Оксфордқа, біреуі – Берклиге
Фото: vk.com

Айдана Мұстафа мен Аслан Табылдиев осы жылдың күзінен бастап Оксфорд пен Берклидегі университеттетрдің магистратура бағдарламасында оқитын болады. Екеуі де – Ш.Есенов атындағы ғылыми білім бері қорының аттас бағдарламасының байқауының жеңімпаздары.

– Байқау жеңіл болған жоқ, 2 грантқа 24 үміткер таласты. Барлығы 3 саты өткіздік, оның соңғысында әрбір үміткермен жеке сұхбат жүргіздік. Қатысушылардың әрқайсысы жеңіске лайықты, дегенмен тек қана екеуін іріктеуге тура келді,  - деп бөлісті қордың бағдарламалар менеджері Ильзира Алдағарова. 

Айдана – Шымкенттік, ал Айдардың туған жері – Атырау. Екеуі де Назарбаев Университеті бакалавриатының осы жылғы түлектері. Қызымыз биолог мамандығын иеленсе, еріміз химиялық инженерияны оқып аяқтады. Жеңімпаздарымыздың жетістіктер тізімі қомақты: Айдана биология және ағылшын пәндерінің мұғалімі болып мектепте жұмыс істеп, халықаралық билология универсиадасының жеңімпазы атанып, Cell Death Discovery журналында мақаласын жариялап үлгерсе, Асланның қоржынында физикаданреспубликалық, ал бағдарламалаудан халықаралық олимпиадаларының медалдері бар; оның соныме қатар бірнеше зерттеу жобаларында ассистент, ал өз университетінде ғылымдар департаментінің менеджері және де Грецияда халықаралық конференцияда баяндамасымен сөз сөйлеу  тәжірибесе бар.

Асланның оқуы ертерек басталатындықтан, тамыздың ортасында-ақ химиялық инжинерияны жалғасытыру үшін Берклиге оқуға аттанаты болады.

– Магистратура оқу жүйесі тұрғысынан бакалавриат бағдарламасына ұқсас, дегенмен мен менеджементтен бірнеше курс алып, міндетті түрде компаниялардағы тағылымдамадан өтуді мақсат етіп отырмын. Одан әрі доктарантураға түсемін, мүкін МІТ-дің өзі болар. Дәрежемді алғаннан кейін өз компаниямды ашқым келеді. Бірақ компаниямның қызмет аясы туралы әзірше бір ойлы емеспін, - дейді мақсаттарымен бөліскен Аслан Табылдиев.

Тағы бір жеңімпазымыздың да алға қойған мақсаттарына назар салсах, Айдана Назарбаев Университетінің Медицина мектебіне түсіп, доктор дәрежесін иеленуге бет алып отыр.

–  Қазанның бірінде Оксфорда оқуым басталады. Алғашқы 2 семестрде дәрістер мен зертханалық жұмыстар барысында технологиялар мен процедураларды біліп үйренсем, ең ұзақ 3-семестр кезінде «клиникалық эмбриология» мамандануы бойынша өз зерттеу жұмысымды жасайтын боламын. Нақтырақ айтсам, бұл бедеулікті қосымша репродуктивті технологиялардың көмегіме емдеу туралы. Еліміз үшін тақырыптың өзекті екені құпия емес. Гинекология мен акушерлік саласында маман болғым келеді, - дейді Айдана Мұстафа.

Әлемнің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында жылдық магистратура орташа алғанда 65-77 мың АҚШ долларын құрайды. Қор бағдарлама бюджетіне сәйкес бір жылдық магистратураның 80-нен 95 пайызына дейінгі оқу ақысын қамтамсыз етеді. Бұдан қалған шығындарды студент өз бетінше өтейді.

Берклидегі Калифорния университетінің түлектері арасында өнертапқыш, инженер және бағдарламаушы Стив Возняк, кино әртісі Крис Пайн мен физик Митио Каку бар. Ал Оксфорд дипломын ғалым Стивен Хокинг, саясатшы Маргарет Тэтчер мен Беназир Бхутто мен жазушы Джон Толкиен иленген екен. 

А. Оралқызы