Бизнестегі қарым-қатынас: Қалай сөйлеу керек?

Бизнестегі қарым-қатынас: Қалай сөйлеу керек?
Фото: begemot.media

Қарым-қатынас – біздің өміріміздегі басты құндылық. Өзінің пікірін еркін жеткізу, ойын ашық білдіріп, өз көзқарасын дәлелдей алу бизнесте маңызды дағдылардың қатарына енеді. Жаңа жоба бастау ойыңызда бар ма? Бизнес саласын зерттеп, қаржы сауаттылығыңызды жетілдіріңіз, сонымен қатар шебер сөйлеу өнерін де естен шығармаңыз. Барлық нәрсе сөзден бастау алады.

Бизнесте біреумен келісіп,  даулардың алдын алу керек. Егер белгілі бір ережелерге сүйеніп, өзіңіздің қарым-қатынас құру дағдыларыңызды жетілдірсеңіз, дұшпанды досқа, шығынды кіріске айналдыруға мүмкіндік туады.

Маңызды идеялар визуалды түрде жасалуы керек:
Қарапайым әрі түсінікті сурет мың сөзді алмастырады. Визуалды ақпаратқа деген сұраныс көп. Басты себебі, оны қабылдаудағы жеңіл болуы. Сонымен қатар, дизайнның жақсы таңдалуы адамның назарын аудартады. 

Қазір ең танымалы – инфографика. Ол сандық ақпараттарды суреттер, диаграммалар мен өзге ақпараттарды қолданып жеткізеді.

Зейін аудару:
Адамдардың көпшілігі сөйлесу барысында, әріптесіне назар аудара қоймайды. Көбіне тыңдап тұрған күй танытқаны болмаса, не айтып тұрғанын да ұқпайды. Аузыңыздан шыққан сөз бен денеңіз жасаған әрекетке жауап беретініңізді ұмытпаңыз.

Қарым қатынаста кездейсоқ немесе маңызы жоқ нәрсе деген ұғым болмайды. Өте маңызды сұрақ қойып отырып, тек жауабына мән беріп қана қоймай, адамның бет әлпетіне де қараңыз. Адамның көзі мен эмоциясы оның ойларынан хабар береді.

Анық сөйлеңіз:
Егер идеяңызды еркін жеткізе алмасаңыз, оны өзіңіз түсінбей отырғаныңызды әңгімелесушіңіз біліп қояды. Ал, сенімді сөйлеу, нақты сөйлеу бұл сіздің қасыңыздан табылатын достарыңыз болуы керек.

Т. Есқали