Әлемдегі ең ықпалды 100 әйел анықталды

Forbes басылымы әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің тізімін жариялады. Бес жылдан бері тізімнің көшін Ангела Меркель бастап келген, биыл да бірінші орында ешкімге бермеді. АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон 2-орында.

Ең ықпалды әйелдердің үштен бірі ел басында болып, не саясатта маңызды рольге иеленіп 3,6 млрд адамды басқарады. Тізімдегі жартысы трансұлттық компаниялардың басшылығында. Қалған оны — ірі бизнес өкілдері. Олардың меншігінде шамамен 1 трлн доллар бар.

Тізім жасау барысында қаражаты (жеке, бизнестегі қаржысы, мемлекеттің ЖІӨ-сі), БАҚ-тарда танымалдығы, адамдар өміріне әсер етуі, ұйым, не ел ішіндегі еңбегінің ықпалы секілді факторлар ескерілген.

Ең ықпалды 100 әйелдің есімін мына жақтан біле аласыз.

Дерек көзі: 7kun.kz