Ең көне жоғарғы оқу орындары

Әлемдік ЖОО-ның сапалы білім беруінің себебі неде деп ойлайсыздар? Оның бір себебі, уақыт. Ертеден келе жатқан оқу орындарының осы уақытқа дейін қалыптастырған өзіндік жолы мен ережесі, тәжірибесі мен ерекшелігі дамып отырған. Ең көне деген оқу орындарын тізіп көрейікші.

Мачерата университеті. Университетті ашуға папаның рұқсаты 1290 жылдың қыркүйегінде алынды. Мачерата қаласында (Италия) орналасқан. Қазір мұнда 9,8 мың студент білім алуда.

Коимбра университеті – Португалиядағы көне университет. Университетті ашуға папаның рұқсаты 1920 жылы тамызда алынған. Коимбра қаласында орналасқан. Қазір мұнда 40,5 мың студент, магистрант пен аспиранттар оқиды.

Вальядолид университеті. 1241 жылы Вальядолидті қазірде жоқ болып кеткен Паленсия қаласына көшіру кезінде тұрғызылған. Екі қала да Испанияның шекарасында орналасқан. Қазір Вальядолид университетінде 24,7 мың адам оқиды.

Сиена университеті. 1240 жылы Италияның Сиена қаласында тұрғызылған. Қазір мұнда 17,3 мың студент оқиды.

Фридрих ІІ атындағы Неаполь университеті. 1224 жылы 5 маусымда Фридрих ІІ патшаның дәуірінде Сицилия патшалығының білім ордасы ретінде тұрғызылған. Неаполь қаласында (Италия) орналасқан. Қазір мұнда 80 мың студент оқиды.

Падуя университеті. Италияның Падуя қаласында 1222 жылы тұрғызылған. Қазір мұнда 118,6 мың студент, магистрант пен аспирант оқиды.

Саламанка университеті – Испанияның ең көне университеті. 1218 жылы негізін қалаған. Қазір мұнда 31,6 мың адам оқиды.

Кембридж университеті. Университет Кембриджде (Англия) 1209 жылы оксфордтық студенттің, қаланың бір тұрғынын өлтіргені үшін Оксфордтан кетуге мәжбүр болған ғалымдармен тұрғызылды. Қазір мұнда 37 мың адам оқиды. Кембридж университеті әлемнің үздік университеттер рейтингінде 5-ші орында және еуропалық университтердің ішінде 1-ші орында. 
Ұраны - Hinc lucem et pocula sacra (лат. Бұл орыннан біз ағарту мен құнды білім аламыз).

Оксфорд университеті. Әлемдегі ағылшынтілді көне университеттердің бірі саналады, сонымен қатар Ұлыбританиядағы ең көне университет. Университеттің нақты қашан тұрғызыла бастағана белгісіз, онда тіпті 1096 жылы сабақ өткен деген дәлелдер бар. Университет Оксфорд қаласында орналасқан, қазір онда 44 мыңнан астам адам (студенттер, магистранттар мен аспиранттар) оқиды. Университеттің ұраны - Dominus Illuminatio Mea (латыншадан аударғанда Құдай – ағартушым менің). Әлемнің үздік университеттері рейтингінде 9-шы орында.

Болон университеті. 1088 жылы негізі қаланған. Бұл Италияның және Еуропаның ең көне университеті. Қазір мұнда 77,6 мың студент оқиды.