"Болашақ" бағдарламасы мен үшін...

"Болашақ" бағдарламасы мен үшін...
Фото: vk.com

Сахыпова Баршагул Сахыпқызы. Ұлыбритания елінің Шеффилд Университетінің 2016 жылғы түлегі. Шеффилд университетінің Саясат департаментінің «Басқару және мемлекеттік саясат» магистрі.

Атырау облысы, Исатай ауданы Аққыстау селосында туып өстім. 2004 жылы Атырау Мемлекеттік университеті Экономика факультетінің «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша біліп алып, 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында қызмет атқарып келдім. Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігінің Жобалық басқару департаментінде бас сарапшы болып қызмет атқарамын.  

1) «Болашақ» бағдарламасы менің өміріме өзіндік зор үлес қосқан, өзіндік ұстанымымды өзгертіп және өз көзқарасымды қалыптастыруға бірден-бір себеп болған бағдарлама десем артық айтқаным болмас.

2) Шетелде білім алу біріншіден ағылшын тілін үйрену мүмкіндігін ұсынды. Балалық шағымда мүмкін ауылда өскендіктен шығар, шетелден оқып білім аламын деген ойымда болмапты. Кейін «армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші өзімнің алға қойған мақсаттарымның бірі «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алу болды. Осы мақсатта ағылшын тілін үйреніп, шетелден білімімді алып келдім. Әрине оның берер мүмкіндіктері әрі алда деп ойлаймын.    

3) Оқу барысы көптеген қиыншылықтармен қатар қызықты сәттерге де толы болды. Қиыншылықтарға келетін болсақ, олар біріншіден екі ел арасындағы білім жүйесінің өзгешеліктерінен болды деп те айтуға болады. Себебі, Ұлыбританияның білім жүйесі тәуелсіз оқуға, сыни ойлауға негізделген. Мысалы, кез-келген профессормен пікір таластыруға, өз ойыңды еркін айтуға мүмкіндігін бар, ал Қазақстанда саясат тақырыбында өз ойынды айта алмау өз алдына, профессорлармен пікір таластыруға да мүмкіндігің шектеулі.

Екінші қиыншылық ол әрине тіл мәселесі. Себебі, өз ана тілің болмағандықтан ағылшын тілінде өз ойыңды айту, пікір таластыру, болмаса ағылшын тілінде курстық жұмыстар жазу деген күнделікті оқу барысындағы іс-әрекеттердің бас кезінде қиыншылық тудырғандығын айта кеткен жөн. Кейін уақыт өте келе ағылшын тіліне де етім үйреніп, еркін сөйлесе алатын деңгейге жеттім.

Шетелде оқып жүргендіктен қызықты сәттердің де аз болмағаны белгілі. Олардың басым бөлігі шетелдік достарыңмен көңілді өткізген кештермен байланысты, яғни белгілі бір шетелдік досыңның туған күн кеші болуы мүмкін. Одан басқа, шетелде жүргендіктен қазақтар қауымдастығы жиналып 9 мамыр, тәуелсіздік күні сияқты мерекелерді бірге өткізген күндеріміз де болды. Әрине айта берсең осы оқыған 2,5 жыл ішінде көптеген қызықты сәттер мен саяхаттарды айта беруге болады.

4) Ұлыбританиядан оқуымды бітіріп келгеніме 1,5 жыл ғана болды. Соған қарамастан жергілікті атқарушы мемлекеттік органнан орталық атқарушы органға ауысқанда септігі болған шығар деп ойлаймын. Дегенмен, шетелде білім алғаным жұмыс табу немесе мансап құруда септігін тигізеді деген ойдамын және ол болашақтың еншісінде.

5) «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасынан басқа көптеген елдердің немесе университеттердің өздерінің бағдарламалары бар, мысалға АҚШ-тың «Fulbright» немесе Ұлыбританияның дамушы елдердің студенттерін қолдауға бағытталған «Chevening» бағдарламасын айтуға болады. Осы бағдарламалар арқылы да көптеген қазақстандықтар грант жеңіп алып, шетелде оқуға мүмкіндік алып жатырғандығын айта кетуге болады.

6) Қазіргі уақытта шетелден білім алуға, тіл үйренуге деген құштарлық өте жоғары. Әрине бұл бір жағынан заман талабы. Сонымен қатар, жұмыс берушілер арасындағы талаптардың жоғары болуы, мысалы Қазақстанда  көптеген шетелдік компаниялар қызметін атқаруда, яғни олардың қызметкерлерге қоятын талаптарының жоғары болуынан деп білемін. Осындай жоғары талаптарға сай және бәсекеге қабілетті  болу мақсатында көптеген жастарымыз  бүгінгі күні білім жолында шетелдерде жүр.

Бұл бір жағынан ойлап қарағанда өте жақсы құбылыс, дегенмен оның астарында шетелде қалып қою, басқа елдің азаматтығын алу, және шетел азаматтарымен бас қосу деген сияқты астарлы ойлардың да болуы мүмкін. Сонымен қатар, шетелде білімді жастарға көптеген мүмкіндіктер берілген, осы мақсатпен армандарына жету жолында шетелде қалып жатады. Осы жағынан алғанда өз жолында енді ғана дамып келе жатырған Қазақстанды дамытуға өз үлесін қосар жастарымыздың кетіп жатырғандығы қинайды.   

Т. Есқали