Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне жаңа ректор тағайындалды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне жаңа ректор тағайындалды
Фото: images.esosedi.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Серік Жайлауұлы Пірәлиев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме inform.kz сайты.

Мемлекет басшысының Өкімімен Такир Оспанұлы Балықбаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.

Такир Оспанұлы Балықбаев - 1957 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Талас ауданы Комсомол ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Жамбыл облысы Талас ауданының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебін бітірген. 1975 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетіне түсіп, 1980 жылы тәмамдады, 1982-1985 жылдары М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыған.

1986 жылдан физика-математика ғылымдарының кандидаты және 2003 жылдан бастап педагогика ғылымдарының докторы. 140-тан астам монографиясы, оқу құралдары және мақалалары бар. 

О. Сансызбай