- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Шварценеггер мобильді ойынның...
Шварценеггер мобильді ойынның кейіпкеріне айналды
Танымал Game of War мобильді ойынын құрастырған Machine Zone компаниясы өзінің Mobile Strike деп аталған жаңа стратегиялық ойынын ұсынды. Аталған ойынның бас кейіпкері белгілі Голливуд актері әрі АҚШ-тағы Калифорния штатының бұрынғы губернаторы — Арнольд Шварценеггер.
Ойын заманауи қарулармен соғысу стратегиясын ұсынады. Онлайн ойынның бета нұсқасын Android және iOS платформаларындаға гаджеттерге жүктеуге болады. Жаңа жобаны іске асыру үшін Machine Zone компаниясының басшылары Epic War деп аталған арнайы студия құрған. Ойынды ойнау тегін болғанымен, стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үшін қажет қарулар шынайы ақшамен сатылады.
Айта кетсек, америкалық компанияның Game of War мобильді ойыны өткен жылы ең көп қаржы жинаған мобильді өнімдердің рейтингінде жоғары көрсеткішке ие болды. Тіпті, Forbes журналы Game of War табысын ескеріп, онлайн ойындардың қаржы табу мүмкіндігі орасан зор екенін жазған болатын. Өткен жылы жаппай қолданысқа берілген өнімді дайындауға 40 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Ал оның табысы шығынынан бірнеше есе асып түсті.
Ж. Өрісбай