Марстағы интернет: аңыз әлде ақиқат

Марстағы интернет: аңыз әлде ақиқат
Фото: hi-news.ru

Марс планетасы туралы адам баласының ойы сан алуан. Біреулер онда тіршілік бар десе, біреулері мүлде жоқ деп санайды. Ал ғалымдар қатары ендігі жерде Марсты толыққанды назарға алып, онда ұшып баруды және түрлі технологиялық жабдықтарды тасымалдауды көздеп отыр. Ал енді зерттеліп жатқан планетада интернет болса қалай болатын еді. Бұл аңыз болып қала ма әлде ақиқат па? Бұл туралы қазіргі кезде технология саласында есімі бірінші аталып жүрген Илон Маск жауап берді. 

Илон Маск «AMA» яғни «Менен қалағаныңды сұра» бағдарламасына қатысты. Осы бағдарлама аясында белгісіз бір көрермен И.Маскке: «SpaceX Марста үлкен бір жер серігін орнату арқылы интернет тарата ала ма әлде кішігірім бес-алты жер серіктер жеткілікті ме?» деп сұрақ қойды. Аталған сұраққа И. Маск күлген кейіп танытып: «Егер кімде-кім Марсқа жететін қашықтықта кабель тартамын десе, мархабат!» деп жауап берді. 


Сонымен Илон Маск айтып отырған Марстағы интернет мәселесі шындық па әлде қалжың күйінде қалатын мәселе ме? Бұл сұраққа сол бағдарламада болған Reddit қолданушысы былай деп жауап берді: 

«Бұл таң қалатын жағдай емес. Тіпті Марспен қарым-қатынас үшін интернет орнату керемет идея болар еді. Теориялық тұрғыда мұны жасауға болады. Яғни Марстың сыртқы қабаты арқылы жер серігін байланыстырып бұл әрекетті жасауға болады. Бірақ практикалық тұрғыда бұл өте-өте үлкен мәселе».

Бұл мәселе бүгін немесе кеше көтеріліп отырған жоқ. 2015 жылы Илон Маск жалпы Марсқа желі тарту маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Сондықтан бұл аңыз не өтірік деуге келмейді. Түбі адамның ақылы мен технологияның жаңа жетістіктері бұған да алып келері анық. 

М. Ақан