- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Кеңсеге принтерді қалай...
Кеңсеге принтерді қалай таңдау керек?
Кеңсе тауарларын таңдауда аса сақтық керек. Яғни, алған тауарыңыз үмітіңізді ақтамауы әбден мүмкін. Соның ішінде, ең жиі қолданатын құрылғы – принтер. Кеңсеге принтерді қалай таңдау керек?
Алдымен принтерді не үшін қолданасыз?
Диаграммалар, инфографика мен суреттері көп құжат шығару ойыңызда болса, онда қарапайым қара бояулы принтер алғаныңыз орынсыз.
Тіпті, бұл қызмет түрлері сіздің жұмысыңыз үшін керек емес шығар. Бірақ, сіз артық етпейді деп ойлауыңыз мүмкін. Дегенмен, бұл артық шығын екенін естен шығармаңыз. Себебі, түрлі-түсті бояу қара түсті бояуға қарағанда тез жойылады. Сондықтан әріптестеріңізден принтердің неге керек екенін біліп алыңыз. Ақылдасып, кейін шешім қабылдаңыз.
Принтер әлде КСҚ (көп салалы құрылғы)?
Қолданыс аясына көңіл аударыңыз. Егер көшірме, сканерлеу секілді жұмыстарды керек ететін болсаңыз КСҚ әлдеқайда тиімді.
КСҚ – дегеніміз принтер, көшіру мен сканерлеу құрылғысы. Сонымен қатар, факстің қызметін де атқарады. Әрине, бағасы қымбаттау. Бірақ, әр құрылғыны жеке сатып алуға жұмсаған қаражатыңызды үнемдейсіз.
Екі жақты басып шығару керек пе?
Екі жақты басып шығару қызметі қашанда артық етпейді. Ақ парғыңызды үнемдейсіз. Бұл жағдайда "Canon i-SENSYS LBP613Cdw" принтерін қолдану өте тиімді: екі жақты басып шығару жылдамдығы минутына 11 параққа дейін жетеді.
Жақсы принтер қандай болуы тиіс?
Кеңсеңіздегі тоқтардың шашылып жататыны маза бермесе, Wi-Fi көмегімен жұмыс жасайтын түрлерін таңдаңыз. Canon принтерінің LBP610 мен LBP650 сериялары мобильді құрылғылар арқылы да жұмыс жасай алады.
Заманауи принтерлер сіздің қауіпсіздігіңізге де жауап бере алады. Кейбір принтерлерден қағаз шығару үшін алдымен ПИН-кодыңызды дұрыс еңгізуіңіз керек. Бұл құпия құжаттармен жұмыс жасайтын кеңсе қызметкерлері үшін тиімді болады.
Жақсы принтерді таңдау үшін алдымен қай бағытта қолданатыңызды анықтап алғаныңыз дұрыс. Әрине, өзге құрылғылар секілді бұл да күтімді қажет етеді. Егер орынды қолдансаңыз, принтеріңіз ұзақ қызмет етері анық. Іске сәт!
Т. Есқали