Өткен жылдың жазында Mozilla компаниясы Firefox браузерінің Oculus Rift виртуалды көзілдірігімен біріктірілген интернет-нұсқасын тәжірибеден өткізген болатын. Ендеше Mozilla осы екі платформаны біріктіру арқылы оң нәтижеге ие болуды жоспарлаған сияқты. Ал өткен аптада Firefox браузерінің WebVR көмегімен виртуалды көзілдіріктің мүмкіндіктерін беретін API құрылғысына қосылған нұсқасын пайдалануға берді. Ендеше Mozilla компаниясының осындай бағытпен дамуына не түрткі болып отыр?
«Біздің ұжым виртуалды шындықтың қазіргі заманауи технологияның үдерісінде маңызды рөл атқаратынына сенімді. Ал оны біздің өніммен біріктіру әлемдік көзқарасты өзгертуге қауқары жетеді», - дейді компанияның ресми өкілі Джош Карпентер.
Инженерлер тұтынушының VR-гарнитурасын қолдануы кезінде өзін қолайлы сезінуі үшін виртуалды көзілдірік арқылы берілетін әрбір бейне ақпараттың бастың бұрылуы кезінде еш ақауға тап болмауын реттеулері қажет. Егер компанияның инженерлері мен құрастырушылары осы сынды техникалық ақауларды ретке келтіре алмаса, сынақтан өтіп жатқан кәсіби өнім ресми қолданысқа енбейтін болады.
Осы орайда, пайдалану кезінде қателіктерге бой алдырмау үшін виртуалды көзілдірікпен браузерді қолдануды қамтамасыз ететін API WebVR құрылғысы арнайы жасалынған. Айта кетсек, аталған технологияны Google корпорациясы да жүзеге асыру үстінде. Дегенмен, әлемнің IT-алыбы жаңа гибрид өнімге қатысты ақпарат беруге асықпай отыр.
Бүгінде Firefox браузерін тек Oculus Rift көзілдірігі арқылы қолдануға болады. Компания өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта Google’s Cardboard сынды қолдан жасалынатын кез келген гарнитураның көмегімен браузердің қолданушысына айнала аласыз.
Расымен қазіргі интернет түбегейлі өзгеру алдында тұрған сияқты. Google және Mozilla сынды әлемнің ең үлкен интернет-компаниялары осы бағытты ұстанып жатқан болса, болашақта ғаламторды пайдалануда түрлі гаджеттерді сатып алуды қажет етпейтін боламыз.
Сурет: itc.ua
Оқи отырыңыз:
Internet Explorer 10 ең қауіпсіз браузер атанды
Интернеттің пайда болу тарихы
Қай браузерді таңдаймын?