- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Facebook әлеуметтік желісінің...
Facebook әлеуметтік желісінің болашағы қандай болмақ?
Facebook компаниясы Oculus VR стартапын сатып алғаннан кейін қоғамда әртүрлі пікір қалыптаса бастады. Расында виртуалды шындық пен әлеуметтік желінің ортақ ештеңесі жоқ сияқты. Дегенмен, Марк Цукерберг оны босқа сатып алмағаны анық. Ғаламторда тараған бейресми ақпараттарға шек қою мақсатында Facebook басшысы БАҚ өкілдеріне қысқа презентация жасады.
Oculus Rift құрылғысының Facebook экожүйесіне енуінің алғашқы қадамы 360 градусқа ие толық ауқымды панорамалық видео жасау болады екен. Марк логикалық сызбаның көмегімен баспасөз мәжілісіне келген тілшілерге адамның әлеуметтік желідегі сезімін жеткізу эволюциясын көрсетті. Алдымен мәтіндік, сосын фото мен видео, ал соңында виртуалды шындықтың көмегімен адамның сезімі онлайн платформада беріледі екен. Марк Цукербергтің айтуынша, сіз үйіңізде отырып, кез келген жерді виртуалды тамашалай аласыз, сосын өз сезімдеріңізбен бөлісе аласыз.
Ал виртуалды шындықтың жаңалықтар легімен (News Feed) біріктірілуі екінші маңызды қадам болмақ. Себебі кез келген фейсбук қолданушысы Oculus Rift гарнитурасының көмегімен жаңалықтың орын алған жеріне бара алады. Сондай-ақ, жазылған видеоны Facebook желісіндегі парақшасына жариялай алады. Компания қызметкерлері оған арнайы бағдарламалық қамту дайындайды екен.
Дегенмен, гарнитурамен жазылған видеоны көру кезінде 3D жарнамалардың кедергі келтірмеуіне ешкім кепіл бола алмайды. Бұған қатысты Цукерберг ештеңе айтқан жоқ. Расында Oculus Rift гарнитурасының өзі сатылымға шықпады. Ал оның көмегімен жарнамалық табысқа жету туралы айтуға әлі ерте болар.
Сурет: es.engadget.com
Ұқсас жазбалар:
Panasonic Oculus Rift аналогын шығарады
CES 2015. Виртуалды көзілдіріктің әмбебап үлгісі
Болашақта интернет браузерлері қай бағытта өзгереді?
Компьютерлік ойынға арналған көзілдірік
Ж. Өрісбай