- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- CERN: адамзаттың өмір...
CERN: адамзаттың өмір сүрмеуі керек еді
Адамзаттың өмір сүрмеуі мүмкін бе? Күлкілі әрі қорқынышты естілсе де бұл ақпаратты халықаралық CERN орталығы жариялап отыр.
«Біздің барлық бақылауымыз материя мен антиматерияның арасындағы симметрияға негізделген, сондықтан біздің адамзат өмір сүрмеуі керек еді», деп BASE зерттеу орталығының қызметкері Кристиан Сморра мәлім етті.
«Белгілі бір жерде асимметрия болуы керек, бірақ оның дәл қай жерде екенін біз түсіне алмай отырмыз. Симмерияны бұзып тұрған не, оның қайнар көзі қайда?». Іздеу әлі жалғасып жатыр. Протондар мен антипротондар арасындағы ешқандай өзгешелік байқалған жоқ. Ал бұл адамзаттың өмір сүру материясының қайдан шыққанын түсіндіріп бере алатын еді. Әлем ғалымдары кез келген өзгеріс пен өзгешелікті байқау үшін барлық күштерін салу үстінде. Адамзаттың материясы мен антиматериясы туралы түсінік – ең бір түйткіл тудыратын мәселенің бірі.
CERN және BASE зерттеу орталықтары барлық университеттер мен институттардың ғалымдарын біріге отырып жұмыс жасауға шақырып жатыр. Олар протондар мен антипротондардың магниттік негізін анықтауға талпынуда.
«Ең басты сұрақ – антипротондар протондар секілді магниттік өрісті жасай ала ма», деп түсіндерді BASE зерттеу орталығының басшысы Стефан Ульмер. «Біз шешу керек жұмбақ – осы».
Ғалымдардың айтуынша біз бізге дейін болған материяның екінші беті ғанамыз. Яғни біз шынайы тіршілік иесі емеспіз. Бірақ бұл түсініктер зерттеу негізін тапқанымен ақиқат түбі басқа жаққа алып баруы мүмкін. Қорытынды жұмысты күтеміз.
М. Ақан