Әлемдегі ең алғашқы университет

Әлемдегі ең алғашқы университет

Әлемде ұзақ жылдық тарихы бар университеттер бар. Солардың бірі Италиядағы 1088 жылы құрылған Болония университеті; Англияда  1100 жылы тұрғызылған Оксфорд университеті; 1200 жылы құрылған Кембридж университеті; 1220 жылы Франсияда бой көтерген Монпелье университеті; 1386 жылы Германияда шаңырақ көтерген Хайделбергь университеті; АҚШ-та 1636 жылы құрылған Гарвард университеті; 1639 жылдары кірпіші қаланған Жапониядағы Рюгеск пен 1877 жылы салынған Токио университеттері.

Алайда, олардан да бұрын салынған жоғары оқу орыны бар болып шықты.

Когуре мемлекеті құрылған уақытта ауыл-аймақтан кадрлар іздей бастайды. 372 жылы орталықта «Тхэкак», шалғай аймақтардың бірінде «Кендан» атты білім беру орталығы ашылады. Әлгі орталықтар бүкіл мемлекеттік білім беру жүйесін қалыптастыруға тырысқан. Айғақ ретінде, «Кендан» орталығы Коре мен Ли династисының тұсына дейін өмір сүріп келген.

Когуредегі білім берудің осы жолын Коре династиясы да ұстанады. Сол себепті, 992 жылы мемлекеттік ЖОО есебінде «Кугчжагам» жоғары оқу орнының іргесі қаланады. Онда феодалдар мен бай манаптардың балалары ғана білім алатын болған.


«Кугчжагам» атауы 1308 жылы «Сонгюнгван» болып өзгерген. Сондықтан, 922 жылы құрылған «Коре Сонгюнванды» әлемдегі ең алғашқы университет деп сенімді түрде айта аламыз.

1000 жылдан аса тарихы бар Коре Сонгюнгван бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандар даярлаумен айналысады.

Форумда талқылау

cуреттер:re-actor.net, alex-porshnev.livejournal.com

Л. Лига