Марк Цукербург әлемдегі ең бай адамның немересі ме?

Марк Цукербург әлемдегі ең бай адамның немересі ме?
Фото: pre-party.com.ua

Facebook – Марк Цукербург жасап шыққан, әлемді бір-бірімен қарым-қатынас жасауға әкелген әлеуметтік желі екенін жақсы білеміз. Дегенмен әлемдегі ей бай адамдардың бірі Дэвид Рокфоллер дүниеден озған соң соңынан ерген әңгімелер көбейді. Соның бірі Марк Цукербергтің тегіне байланысты. Алып-қашпа әңгімелердің айтуынша, Цуерберг Джейкоб Майкл Гринберг есімінің кейіпкері деп қарастырған. Ал Гринбергтің өзі әлемдегі ең бай адам Дэвид Рокфоллердің немересі.

Ресми емес дереккөздерге сенсек, facebook әлеуметтік желісін ашып, оны айналдыру үшін алғашқы капиталдың керек болғаны анық және ол ақшаны гений Марк белгілі бір ағасынан алған да шығар деген түсініктер бар. Ең қызығы әлеуметтік желінің барлық акциялары банкте арнайы қауіпсіздік жасағының бақылаумен қадағаланады.

Марк Цукербергтің ата-анасы: Эдвард пен Карен Цукербергтер қарапайым отбасынан шыққан, медицина саласының мамандары ғана. Осы нұсқаны негізге ала отырып, зерттеушілер Марк Цукербергтің ешқандай бай адамның немересі еместігін растады. Ол ғана емес, олар таныс пен туысқандық қатынассыз адамның өзі де байлыққа қол жеткізуге болатынын айтып отыр.

М. Ақан