Инстаграм желісіндегі ең танымал адамдар мен қалалар анықталды

Инстаграм желісіндегі ең танымал адамдар мен қалалар анықталды
Фото: vk.com

Инстаграм әлеуметтік желісі 2017 жылдың қорытындысын жасап, әлем бойынша ең танымал аккаунттар мен туристік орындарды анықтады.

Сонымен, Инстаграм желісіндегі ең танымал аккаунт жас әнші Селена Гомеске (130 миллион тіркелуші) тиесілі. Одан кейінгі орындарды футболист Криштиану Роналду (116 миллион тіркелуші) мен белгілі әнші Ариана Гранде (115 миллион тіркелуші) иеленді.

Ал, инстаграмдағы ең жиі белгіленетін қалалар тізімінде Нью-Йорк, Мәскеу, Лондон, Сан-Паулу, Париж, Лос-Анджелес, Петербург, Джакарта, Стамбул мен Барселона сынды алып туристік орындар бар.

Аталған желідегі ең көп лүпіл жинаған 5 суреттің екеуі әнші Бейонсенің (10 және 11 миллион лүпіл) балаларымен түскен фотосуреттері болса, Роналдудың да 2 суреті (11 және 8 миллион лүпіл) дүние есігін жаңа ашқан сәбилерімен түсірілген екен. Ал,  Селена Гоместің ота жасатар алдындағы суреті 10 миллион лүпілмен алғашқы бестікке енді.  

А. Оралқызы