Iphone 6 смартфонының тағы бір моделі шығады

G for Games ресурсы қызық ақпарат таратыпты. Осыған дейін де аталған ғаламтор ресурсы Apple өнімдеріне қатысты нақты болжамдар жасап келген болатын. Сондықтан қарауға тұрарлық ақпарат деп білдік.

Силиконды алқаптың құрастырушылары өзінің iPhone 6 моделінің кіші моделін жасауды ұйғарған көрінеді. Нақтырақ айтсақ, қолға икемді біршама кішкене түрін шығарғысы келеді. Әңгіме классикалық 4-дюймді модельге қайтып оралу туралы болып отыр. Расында қазіргі кезде Apple-дің 4-дюймді диагоналға ие гаджеттері бар. Бірақ соңғы шыққан смартфондардың диагоналы көп сынға ұшырағандықтан, Apple компаниясы шығынның ағымын азайту үшін, бұрынғы пішінді қайта қалпына келтіруді мақсат етіп отыр.

Ескере кетейік, бұл ақпарат Apple тарапынан ресми расталмаған. Жаңа модельдің анонсы мен сатылымға шығу уақыты белгісіз. Оның бағасы туралы да әзіге ақпарат жоқ.

Сурет: www.youtube.com